КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС
Күн жылып, жаз айы жақындаған сайын аудан аумағындағы орман қорын өрттен, заңсыз аң аулаудан сақтаудың маңызы арта түседі. Осыған байланысты, күні кеше аппараттық кеңесте Қосқұдық ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің басшысы баяндама жасап, атқарылған және алдағы жоспарлы жұмыстарды атап өтті.
Тұтастай алғанда, жыл басынан бері мекеме қызметкерлерімен 35 рейдтік іс-шара жүргізіліп, 21 орман заңнамасын бұзушылық фактілері анықталған. Заң бұзушылыққа жол берген азаматтарға тиісті мөлшердегі айыппұл салынған. Бұдан бөлек, аталмыш мекемеге қосымша техникалар мен агрегаттар алу жайы да жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, кеңес барысында Дулат ауылдық округі әкімінің баяндамасы тыңдалды. Ауыл әкімі елді мекендерде атқарылған жұмыстар мен шешімін күткен мәселелерді жеткізіп, оның шешілу жолдары қарастырылды.