КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Қазіргі кезде өңір тұрғындарымен барынша жиі кездесіп, көкейінде жүрген сауалдарға жауап беру тұрақты үрдіске айналған. Дәл осындай қоғамдық қабылдаулар өз кезегінде ауыл-аймақтардағы түйткілді мәселелердің қордаланбауына да септігін тигізері анық.
Осы мақсатта бүгін аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрдім. Кездесуге келгендердің қатарында жұмыспен қамту, кәсіпкерлік саласы, сонымен бірге жарықтандыру сынды баршаға ортақ мәселелерді көтергендер де бар.
Одан бөлек, қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі баспана мәселесімен қайырылды. Дегенмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға баспана ең алдымен белгіленген кезектілік бойынша берілетіні түсіндірілді. Өткен жылдың өзінде дәл осындай санаттағы отбасыларға 60-тан аса тұрғын үйдің кілті табыс етілген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табатын болады.
Қоғамдық қабылдауда көтерілген сауалдардың бірқатары сол сәтте шешімін тапса, енді бірі алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.
Бақытжан Жәнібеков
Шу ауданы әкімі