🔷 ҚХР бизнес-қауымдастығына Жамбыл облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

📍Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған облыс делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.
📍Аймақ басшысы алғашқы күні Шаньдун провинциясындағы қазақстан-қытай бизнес-форумының ашылуына қатысып, Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
— Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында облысымызда бизнес-жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған. Айталық, инвесторларды қолдау мақсатында инвестициялық жобалар үшін салықтар бойынша жеңілдіктер, субсидиялар, гранттар беру, тиімді несиелермен қамтамасыз ету секілді мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Жергілікті билік өз тарапынан идеяны анықтаудан бастап, инвестициялық жобаның толық қуатқа шығуына дейінгі барлық кезеңдерін қамтитын бизнес үшін қолайлы шешімдер топтамасын қарастырған, — деді облыс әкімі.