КИЕЛІ 5 САНЫ
Бес қатер: От. Жау. Борыш. Ауру. Сөз.
Бес жаратылыс: Күн. Ай. Жұлдыз. Күндіз. Түн.
Бес асыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз…
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой —
Бес асыл іс көнсеңіз (Абай).
Бес парыз
1. Құдайдың барлығы мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2. Намаз оқу. 3. Ораза ұстау. 4. Қайыр садақа беру. 5. Қажылыққа бару.
Бес намаз
1. Таң намазы. 2. Бесін намазы. 3. Екінді намазы. 4. Ақшам намазы. 5. Құптан намазы.
Бес борыш
1. Жаратушыға, пайғамбарға байланысты борыш. 2. Адамның өзіне байланысты борыш. 3. Мемлекет пен халыққа борыш. 4. Үй іші, жақындарға борыш. 5. Адамгершілік әлеміне борыш (Мұхаммед пайғамбар).
Бес қару
1.Садақ. 2. Шоқпар. 3. Найза. 4. Қылыш. 5. Айбалта.
Бес өсиет
1. Әрқашан сақ жүр. 2. Жауға иілме. 3. Өсекке ерме. 4. Өтірік айтпа. 5. Арыңды сатпа.