Килиан Мбаппе ПСЖ-дағы болашағы туралы мәлімдеме жасады
Бұған дейін Мбаппе париждік клубпен келісімшартын ұзартпайтыны және ол жазда еркін агент ретінде «Реалға» ауысатыны хабарланған болатын. Оның ПСЖ-мен келісімшарты 2023/24 маусымының соңында аяқталады.
25 жастағы шабуылшы карьерасын қай жерде жалғастыратыны туралы айтары жоқ екенін мәлімдеді.
«Мен әлі күнге дейін болашағым туралы ештқандай мәлімдеме жасамадым, себебі жариялайтын ештеңе жоқ. Мен жариялайтын бірдеңе болса, оны ер адам сияқты жасаймын деп үнемі айтып жүрдім.
Болашағым Еуропа чемпионатына дейін шешіледі деп ойлаймын», — деп келтіреді Мбаппенің сөзін журналист Фабрицио Романо.
Сонымен қатар футболшы Париждегі Олимпиадада Франция құрамасы сапында ойнағысы келетінін айтты.
«Мен әрқашан Олимпиадада ойнағым келді және бұл өзгерген жоқ. Егер Олимпиадада ойнасам, бұл арман орындалады, бірақ рұқсат етілмесе, маған айтқанды орындаймын. Шешім әлі бір адамға байланысты және олар маған «иә» немесе «жоқ» деп айтпады», — деді Франция құрамасының капитаны.
prosports.kz