Кім айтты адамның бәрі бақытты деп?!…..
Кім айтты адамның бәрі бақытты деп?!…..
Көңілде мұң, кеудеде шер жоқ деп…
Әр адамның өз күйігі, өз қасіреті бар… Жасырын құпиясы бар…
Қуаныш-қызығын айқайлап айтқанымен, ішкі сырын жасырып тұрады…
Кей кезде жасырын «әдемі» өмірде қалжыратып, шаршатып жібереді…
Іштегі сыртқа шығады…
Өмірдің сынағы, тағдырдың тауқыметін бастан кешіп жүреді…
Қанша жерден жанын жегідей жеген «ішкі қайғысы» басым тұрса да, сыртқы дұшпандарына «ішін» алдырмай қасқайып қарсы тұрып, өз сүрлеуінен жаңылмауға тырысып бағады…
Пенделер қызық қой)
Тек, жаман жағын, әлсіз тұсын іздеп, оңтайлы сәтін аңдып тұрып, аяқтан шалуға бар әрекетін жасап бағады…
Жаман атын шығаруға тырысады…
Тырнақтай жақсылығы болса да, құмға сіңгендей етеді…
Амал қанша?!
Бұл — өмір! Жылайсың, күлесің, қуанасың, қайғырасың, табасың, жоғалтасың…
Ештеңе мәңгілік емес… Бәрі уақытша…
Сол уақытша жалған да, қысқа өмірді мағыналы, мәнді етіп, сыйластықта өткізгенге не жетсін?!
Жазылмас дертке, аяқ асты келгенге ажал мен табиғат апаттарын ғана тоқтатып, тосқауыл қою мүмкін емес…
Ол — Алладан… Табиғи — заңдылық!
Ал, бір-бірімізді түсініп, кешіріп, сыйласып ғұмыр кешуге кім кедергі?!
Ешкім! Тек өзіміз ғана! Сасық кеудеміз бен құрығыр менмендігіміз жібермейді
(… Қарапайымдылық пен кішіпейілділіктен асқан байлық жоқ! Құр кеуде, көреалмаушылық, қызғаншақтық пен өшпенділіктің ақыры жақсы болмайды, бір «жерді» тесіп шығып, өзіңді жояды! Сондықтан аз ғұмырда ойнап-күліп, сыйластықта жүргенге не жетсін?! Бәрібір қара жер теңестіреді
(… Байды да бағланды да, қараны да xанды да… Біз — пендеміз! Қолымыздан келетіні жақсылық жасау мен имандылыққа ұрпағымызды тәрбиелеу! Алланың аманаты сол! Татулық та, бірлік те, сыйластық та болайық!
Өлген де өз-өзімізді алдап, өтірік жыламай, тіршілік те шынайы күліп, сыйласайық!
Аллам, жар болсын, баршамызға жақсылар!……