Кірісін жоғалтқан адамдарға 42 мың теңгеден төленетін болады

23 наурыз. KAZISLAM — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға жәрдемақы төлеуді тапсырды. Алдын ала есептеулер бойынша қазіргі жағдай 500 мыңға жуық азаматтардың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Сондықтан төтенше жағдай кезеңінде төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға ең төменгі бір айлық жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайынғы төлемдерді төлеуді тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол жалпы алғанда, бұл көмекке кемінде 1,5 миллион отандасымызға берілетінін айтты. Қажет болса, бұл мөлшерді ұлғайтуға, кеңейтуге резервтер жеткілікті, — деді президент.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.