КІРШІКСІЗДІ КІР ЕТКЕН НЕ?
Ерлі-зайыпты бір кісілер жаңа пәтерге қоныс аударады. Келесі күні таңертең таңғы асты ішіп отырғанда әйелі терезені нұсқап:
«Қымбаттым! Көрші әйелдің жуып жайған киімдеріне қарашы. Кірі ашылмаған, нашар жуылыпты. Шамасы арзан ұнтақ пайдалатын болса керек», – дейді.
Әйелі көршінің керілген арқанына жайылған кір киімдерді күн сайын бақылап жүреді. Бір күні таңертең байқаса көршінің киімдері тап-таза! Таңданысын жасыра алмай жаңалықты күйеуіне асыға хабарлайды. Шамасы көршінің әйелі кір жууды үйренген секілді, дейді. Сонда жолдасы:
«Мен бүгін сәл ертерек тұрып көптен бері тазаланбаған терезені сүртіп қойғанмын», -дейді байсалды қалпын бұзбай.
Осылайша өз бойына қате түсініктерді байқамай қалыптастырып алатын адамдар да бар. Негізі адам өзгелердің іс-әрекеттеріне әділ баға беруі үшін өзінің көңіл терезесін таза ұстау қажет. Әйтпесе шындықты шынайы бейнесінде көре алмай қателеседі.