КІСІГЕ БАЛА БЕРУГЕ БОЛА МА?

1980 жылдың күзінде әскерден келісімен қатты ауырып, Назар тәуіп атаның үйінде бір апта жатып, емделдім. Бұл ел ішіндегі ерекше адам туралы, бұған дейін өзім 20 жылдай еңбек еткен «Ақ жол» газетіне де, осы Фб-ға да жаздым. Кітапқа қарап отырып, ауруыңның диагнозын дәл қойып, құран оқып емдейтін тәуіп ата бірде алдына келген бір кісілерді қарап отырып, «кісіге бала беруге болмайды» деді. Сөйтсе, әлгі кісілер жас кезінде баласын жақын туыс болып келетін ұлы жоқ кісіге беріпті. Ерке, тентек болып өскен бала есейе келе өзінің туған әке-шешесін тапқан. Кітапқа қарап отырып, отыз жылдай бұрын бала күнінінде басқа отбасында тәрбиеленгенін білді, тәуіп ата.
… Арада қырық жылға жуық уақыт өтті. Бірде облысқа белгілі педагог Айман Садықова әпкеммен бала асырап алу туралы әңгімелестім. «Кісіге бала беруге болмайды» дегенді тәжірибелі педагог та айтты. «Әр бала туған анасының мейрімін сезініп, әкесінің қабағына қарап өсу керек» деді.
Бір перзентке зар болған ерлі-зайыптылар ұрпақ жалғастығы үзілмесін, тегім өшпесін деп бауырының баласын немесе балалар үйінен асырап алып жатады. «Бала тапқандікі емес, баққандікі» дегенде бар. Ағайыннан асырап алған баланың да, балалар үйінен алған шақалақтың да көбі бағып-қаққан ата-анасына шығарға жаны жоқ екенін де білеміз. Әке-шешесінің болса да… Бұрын осылай болатын. Қазір қалай? Кісіге бала беруге бола ма? Сіздер не дейсіздер достар?

Амангелді Әбіл фб парақшасынан