КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ БАЙ БОЛ!

Мойынқұм орталық кітапхана библиографы осы жолдардың авторы жаңадан түскен кітаптарды насихаттау мақсатында «Жаңа кітаптар әлемі», «Кітап оқып, Рухани бай бол!» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды.
Оқырмандарға «Абай» баспасынан және «Тәуелсіздік толғаныстары» сериясымен жарық көрген бірнеше автордың кітабы ұсынылды. Атап айтсақ, Көлбай Адырбековтің «Тәуелсіздікке талпыныс», Әлсейіт Оспанның «Сезім сәулесі», Айтбай Сәулебектің «Қамшысөз», Амантай Ахметовтің «Жеңіс перзенттері», Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы, Сара Ләтиеваның «Туған жердің түтіні», Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы», Қайсар Әлімнің «Кәусар», Нұрлан Оразалиннің және Байғали Есенәлиевтің шығармалар жинағы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының қаламынан туған сүбелі сөз, шынайы толғаныстар топтастырылған «Бостандық жырының бозжорғасы», Марат Құлибайұлының «Қолқанат», Пернебай Дүйсенбин «Өмір-иірім», Үміт Битенова «Қар астындағы жауқазын», Нұржан Қадірәлі «Сен жоқ жерде тәңір жоқ», Ахмет Баймаханбеттің «Көкөзек шақ», Бексұлтан Нұржекеұлы «Қазақ тарихынан» атты кітаптар қойылды. Жалпы көрмеге түрлі саланы қамтитын 73 данакітапқойылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға 32 оқырман қатысып, жаңа әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, басқа да пәндер бойынша оқулықтаржұртшылық назарына ұсынылды.
Іс-шара жаңа әдебиеттермен таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында іске асырылды
Лаура БЕЙСЕНҚҰЛОВА,
Мойынқұм аудандық орталық кітапхананың библиографы.