Қияр бағасы неге аспандап тұр?
Бұл сауалға өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жауап берген Ауыл шаруашылығының вице-министрі Нұржан Алтаев: «Ауыл шаруашылығы министрлігінің мақсаты — бағаны тұрақтандырып отыру емес, аталған саланың дамуына жағдай жасау.
Экзотикалық мемлекеттермен салыстыратын болсақ, біз көкөністер мен жемістер өсіру үшін көбірек шығындаламыз. Бұған сол жақта қыстың болмайтынының өзі әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде бағаға әсер етпей қоймайды. Мұнымен қатар, бізде көкөністерді маусым арасында жылыжайларда өсіреді. Өкінішке орай, қыста жыл сайын көкөністер қымбаттайды.
Бұған көрші Ресейдегі бағалар да әсер етіп отырады. Себебі, оңтүстік өнімдерінің көбісі дерлік сол жаққа жіберіледі. Бірақ, бұл қолдан келер шара жоқ деген сөз емес. Ведомство халықты қыста көкөністермен қамтамасыз еткенімен, бағаларды тұрақтандырмайды. Біз тек өнімге әсер ете аламыз. Ауыл шаруашылық министрлігі бағаны тұрақтандырып, бизнесмендер мен кәсіпкерлерге бір нәрсе үйретіп отырулары тиіс деп ойлайтындар айналасына бір қарасын — біз 20 жылдан бері нарықтағы бағаны сұраныс анықтайтын қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
Біз қазір не істеп жатырмыз? Бірінші кезекте, жылыжайлар салу үшін субсидиялар мен жеңілдікпен несие берудеміз және т.б. Осы өнімдердің көптеген бөлігі көрші елдерге жөнелтіліп отырады. Картоппен де солай болған еді. 100 мың тоннаға жуық картоп Өзбекстанға жөнелтілді. Себебі, ол жақта картоп бағасы қымбат», — дейді Нұржан Алтаев. Оның айтуынша, Көкөністер мен жемістерді сақтау, сату, тасымалдау кезінде жартысы бұзылады. Бұзылған көкөністер мен жемістердің мөлшері 30-50 пайызға дейін жетеді. Бар мәселе заманауи сақтау кешендерінің аз болуында.
Әзірге жеміс-көкөніс тауарларын дистрибуциялайтын инфрақұрылым дамымаған. Қазір министрлік әр облыс орталығында көтерме сауданы ретке келтіретін желі құруды жоспарлап отыр. Мұнымен қатар, әзірлеу орталықтарын құру да жоспарда бар. Бұл бағаны төмендетуге әсер етеді, ал жабдықтардың өзі жақсара түседі», — деп түсіндірді.