ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

 «AMANAT» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі Ермек Карентаев қоғамдық қабылдау өткізді.
💬 Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары Әлібек Нурадинов пен Мейірхан Төлеулиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, партия аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Эльдар Кокушев, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қ.Төлеубеков, аппарат басшысы Н.Қазақбайұлы, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсенбаев, Мойынқұм ауылдық округінің әкімінің бас маманы Жоламан Шайыахмет, жергілікті ішкі істер бөлімінің қызметкері, “Мөлдір -су” КМК басшысы, білім бөлімінің басшысының орынбасары Ж.Бажикова, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Т.Рыстанбаева, бұқаралық спорттық іс шараларды ұйымдастыру мекемесінің директоры Т.Жұмағұлов, аудандық электр жүйесінің басшысы және БАҚ өкілі қатысты.
⚡️ Келушілер тарапынан полигон, қоқыс тастау мәселесі, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан сайланған елді мекендерінің тұрғындары көтеріп жатқан өзекті мәселелер қатары көтерілді. Сұрақ қою барысында көшелерге ағымдағы жөңдеу жұмыстары, ауылдардағы электр бағаналары, ауыз су мәселесі, егін су мәселесі, спорттық кеше жылуы, пошта ғимараты туралы, балаларға ойнайтын алаңша соғу туралы, су тазалайтын мембрананың жұмыс істемеуі, көктемгі егін жұмыстары туралы және тағы да басқа өзекті мәселелер көтерілді.
✔️ Тұрғындардың әрбір өтініші мұқият тыңдалып, аудан әкімі Ермек Карентаев бастаған тиісті сала басшылары нақты жауаптар берді. Қоғамдық қабылдау халық пен билік арасындағы ашық диалог орнатудың маңызды алаңы екенін көрсетті.
Байланыс орнату және мәселелерді шешу бағытында осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп отырады.