Қоғамдық кеңесте жұмыстар жалғасуда
Талас аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Талас аудандық халыққа қызмет көрсету, аудан әкімдігінің ішкі саясат және аудандық полиция бөлімдері басшыларының есептері тыңдалды.
Күн тәртібіндегі қаралған сұрақтар негізінен қоғамды толғандырып жүрген түйіткілді мәселелер. Нақтырақ айтқанда, денсаулық сақтау, газ және электр жүйесімен қамтамасыз ету жұмысын жетілдіру, халыққа қызмет көрсету, қоғамдық тәртіптің сақталуы мен жастар арасындағы қылмыс деңгейі, мал ұрлығы, экстремизм мен терроризм, қауіпті діни идеологиялардың тұрғындар арасында таралуының алдын алу сынды өзекті мәселелер.
Осы орайда, қоғамдық кеңес отырысында қаралатын мәселелер бойынша халықтын пікірін, ойын, ұсыныстар мен көкейде жүрген басқа да талап-тілектерін анықтау үшін аудандық «ТALAS tynysy» газетіне алдын-ала хабарландыру берілген.
Мекеме басшыларының өз салалары бойынша есебінен кейін сұрақ-жауапқа берілді. Қоғамдық кеңес мүшелері қойған сұрақтарға әр спикер толыққанды жауап бере отырып, өз ұсыныстары мен ескертулерін жеткізді. Сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстардың тұрақты, әрі сапалы болуы үшін оқыту арқылы біліктілікті көтеру және халық арасында профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізу қажеттілігі айтылды.
Талқылау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер сараланып, хаттамаға енгізілді.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі