Көк тудың көкке көтерілгені елдің еңсесін көтереді
Әнұран, Ту, Елтаңба – мемлекетіміздің мызғымас рәміздері. Соның ішінде көпшіліктің көбірек назарына түсетіні – көк Туы екені белгілі. Әсіресе, Байрағымыздың көкте желбірегенін көргенде тебіренбейтін қазақ жоқ деуге болады.
Солардың қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері тұр.
Дулати жастары елдің Туын ешқашан еңкейтпейді.
Студенттер әлеуметтік желіде тараған жағымсыз видеожазбаға қатысты жауап қатып, жаппай акция ұйымдастырды. Көк Туды көкке көтерген елжанды жастар осы арқылы Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті. Осылайша елдігімізді айғақтап тұрған рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай ерекше бастама көтерді.
Көк тудың көкке көтерілгені елдің еңсесін көтереді. Туу биікте желмен жарысып жазыла желбірегенде азат рухымыздың асқақ үні естілгендей болады.
Жастар жұртқа осы бір айнымас ұғымды жеткізуге тырысты. Сондай-ақ, Дулати университетінің студенттері өңіріміздің жас түлектерін патриоттық рухта тәрбие беріп, елжанды жастарға қолдау көрсететін білім ордасына оқуға шақырды.