Көкшетаулық  «Арлан»  ел чемпионы.

Көкшетаудың «Арлан»  шайбалы хоккей командасы Қазақстан чемпионатының плей-офф сериясындағы 6-шы финалдық кездесуін өз айдынында астаналық «Номад» кокейшілерімен кездесіп, 1:0 есебімен тізе бүктіріп, тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Финалдық ойын тартыссыз өтпейтіні белгілі. Команда да алма кезек атойласты.  Бірақ алғашқы кезең есепсіз қалды. Екінші кезеңде арландықтар батылдықпен ойын тізгінін қолға алды. Нәтижесінде  33:46 минутында Колесников «Номад» қақпасына  шайба салды.  Осы шайбамен ойын тағдырыда шешілді. Үшінші кезеңде  есеп ашылмады. Кездесу қорытындысы 1:0 айырмасымен  алаң иелерінің пайдасында. Бұл арландықтардың плей-офф сериясындағы 4-ші жеңісі болатын . Плей-офф сериясында 6 ойын өткізген Арландықтар  4-уінде жеңіске жетіп, тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин жеңімпаздарға силық тапсыру сәті.

Еске сала кетсек «Арлан» хоккей клубы Қазақстанның шайбылы хоккей федерациясының бастамасымен 2009 жылы құрылған . Шығып қалу ойындарының қорытындысы бойынша  2013 жылы «Арлан» алғаш рет елдiң үздiк үш командасының қатарына, 2014 жылы командылар арасында 15 жеңiске  жетіп, ел бiрiншiлiгiнiң абсолюттi рекордын жаңалаған.  Көкшеліктер 2015 жылы Қазақстан чемпионатының күмiс жүлдегерi атанса, биыл алтын алып,чемпион атанды. Өңір басшысы Мəлік Мырзалин жерлестерін жеңіспен құттықтап,  чемпиондарға  алтын медальдарын табыс етті.

                                                                         Дахан Шөкшир.