КӨКТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова және жұмыс тобы Талас ауданы Көктал ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік тілдің қоғамды топтастыру, елді біріктірудегі рөлі, мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тіліне айналдыру және этностық топтардың тілдерін дамыту бойынша пікір алмасып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ономастика жұмысының критерийлерін, атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдері басшылыққа алынатындығын түсіндірді.
Ауыл тұрғындары Ж.Егембердиева, Н.Жүнісбекова және К.Сергалиева тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы