Көктемгі дала жұмыстары басталды.

Ауа райының жылы болуына байланысты Мойынқұм ауданының еңбеккерлері көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Тоғандар қазылып, есікі қамыстардан тазаланып, байлаулар ретке келтірілуде.
Осыған байланысты бүгін аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов Биназар, Бірлік, Кеңес ауылдық округтерінде болып тоғандар тазалығын зерделеді.

 

— Қазір алдымызда ауа райының қолайлылығын пайдаланып көктемгі дала жұмыстарын сапалы және дер кезінде өткізу міндеті тұр. Осыған байланысты тоғандарды механикалық тазалау жұмыстарына көңіл бөлуіміз тиіс. Былтырғы жылы осы тоғандарға байланысты қиындықтар болғаны белгілі. Сонымен қатар ақшасы қойылып жасалатын байлауларды жасатып алуымыз қажет. Былтырғы жылы ағын судың тапшылығы болу себебінен 4629,0 га жер алқабынан өнім алынып, 1033 га жер алқабынан егін шықпады. Осының болдырмай тоғандарымызды дұрыстайық деді аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов округ әкімдеріне.

 

Айта кету керек, шаруа қожалықтарында көктемгі дала жұмыстарын атқаратын техникаларды жөндеу аяқталған. Биыл аудан көлемінде көктемгі дала жұмыстарына пайдаланылатын 81 техника дайын тұр.
Ауылдық округтерді аралау барысында Ержан Әлімханұлы сенбілік жұмыстарына да мән беріп, тиісті ауылдық округ әкімдеріне сенбілікті тиянақты ұйымдастыру керектігін баса айтты.