КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ауылшаруашылығы саласының ел экономикасын дамытуға және халықтың әлеуметтік жағдайының артуына тигізер әсері зор. Ағымдағы жылы аудан бойынша 5 802,0 га суармалы жер алқабына егін егу жоспарлануда. Осыған байланысты аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубеков бірнеше ауылдық округте болып, көктемгі дала жұмысына дайындық барысы бойынша шаруалармен кездесті. Сонымен қатар егістік жерлерге су шығару үшін Шу өзені алты жерден байлануына байланысты, байлау жүргізілетін жерлерді шаруалармен бірге қарап шықты. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы –81 техника дайын. Оның ішінде: доңғалақты трактор саны – 33 дана, трактор соқалары – 26 дана, қопсытқыштар – 14 дана, дән сепкіштер – 8 дана. Сонымен қатар дала жұмыстарын яғни, арық қазу, егістік алқаптарын тазалау және тегістеу тағы басқа жұмыстарды жүргізу үшін «Мойынқұм Су» КМК-н мекемесінің, Айдарлы Агро-2019» және «Байбарақ-Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің техникалары пайдалану көзделіп отыр.Сондай-ақ дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында 195 тонна дизель отынына тапсырыс берілген. Біріңғай оператор болып жеке кәсіпкер М.Есенхожаев белгіленіп, тасымалдау жұмыстарын жүргізетін болады.
Мойынқұм ауданы әкімдігі