Көкжөтел

Көкжөтел – бұл Bordetella pertussis таяқшасынан туындаған, интоксикация көріністерімен сипатталатын, өзіне тән қалшылдаған жөтел «реприздермен» және құсу ұстамалары болатын, жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральдық көріністерімен қоса жүретін жіті респираторлық бактериялық инфекция.
Көкжөтелдің қоздырғышы ауа-тамшы жолы арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, науқас сөйлескенде таралады.
Көкжөтел белгілері
Көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағы балаларға қыйындық туғызады. Аурудың алғашында науқаста қарапайым суық тиюдің белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, дене қызуының жоғарылауы, қалыпты жөтел. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстамалы, бірнеше рет қайталатын жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел ұстамалары кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегінің жеткізіліксіздігі, нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі пайда болуы ықтыймал.
Көкжөтелдің алдын алу

Жоспарлы түрде көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде біріктірілген вакцинамен жүргізіледі. Болашақта 6 жастағы балалар АбКДС бустерлік дозасымен егіледі.
Көкжөтелмен ауырып сауыққан балалар жас ерекшелігіне сәйкес Ұлттық күнтізбеге сәйкес профилактикалық егуді жүргізу мерзімінде егіледі.

Артықбаев Сәкен Сарсенұлы

Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы