ҚОЛ КҮРЕСТЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, қол күрестен 2005-2012 жылы туған ұлдар және қыздар арасында Жаңатас қаласы әкімінің жүлдесі үшін Сарысу ауданының біріншілігі өтті.

Жарысқа аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жарысқа қатысушыларды алда келе жатқан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, өткізіліп отырған жарыстың аудан жастары арасында бұқаралық спортты дамытуда, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды.

Тартысты өткен турнирге Тоғызкент, Саудакент ауылдық және Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен, Балалар-жасөспірімдер орталығынан және Арыстанды орта мектебінен жасақталған 8 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Жаңатас қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 2 орынды, Балалар-жасөспірімдер орталығы, 3 орынды Арыстанды орта мектебінің командалары иеленді.
Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған арнайы дипломдармен және заттай сыйлықтармен марапатталды.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі