Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасының шарттары:

бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды.қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес. қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды.бастапқы жарна — 0 пайыз. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, компаниялар 60 күн ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс. Жалпы алғанда автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек. Қазақстандықтардың өтінімдері үш жағдайда ғана қабылданбайды. Біріншіден, осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды.Екіншіден, платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды. Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса, өтінім қабылданбайды. Өтінімді тексеруге тиісті уақыт керек болады. Осыдан кейін сайттағы «жеке кабинетте» өтінім мақұлданып, бағдарламаға қатысатындар пулына адамның қосылғаны туралы хабарлама келеді.

#казинформ
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі