Қолжетімділікті кеңейту

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппараты басшысының 2024 жылғы 26 наурыздағы білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейту бойынша тапсырмасын іске асыру шеңбері аясында өткен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие бөлімінің қызметкерлері ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59мекемесінде сотталғандардың жоғары білім алуға деген тілектерін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізілді.
Аталған іс-шараға адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі арнайы қатысты. Мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар белсене атсалысып, сауалнамадағы бірыңғай тестілеуден өту және жоғары білім алуға бағытталған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдірді.