Комиссия назарына!

Қалың бұқараға тиімді шешім қажет

ертайЖерді шетелдіктерге жалға да беруге болмайды. Әсіресе қытайларға. Біріншіден олар жерімізді бүлдіреді, улайды. Екінші- ден жайылымдықтарды тарылтады. Үшіншіден көптеп келіп елімізде орнығып қалуға тырысады. Төртіншіден емдік шөптерімізді оларға пайдалануға жол ашылады. Қазірдің өзінде ол жөнінде дабылдар көтеріліп жатыр. Жердің иесі қазақ. Бірақ нағыз еңбек ететін қалың бұқара өте кедей. 5 млн қазақ несиеде отыр. 5 млн қазақ сырт- та. Міне, жерді осыларға беру керек. Несиедегілер жерді сатып алмақ түгілі жалға алуға да шамасы жоқ. Комиссия осы көкейтесті мәселені шешпесе онда бәрі бекер. Ауыл қазір қартайып барады. Жастар бұл салаға қызықпайды. Себебі еңбегі ауыр, ақшасы аз. Жастар ауылдан кет- се, жер адыра қалады. Оларды қызықтыратындай шараларды ойластырған жөн. Бұған жаңаша көзқарас қажет. Оңтүстікте жер жоқ десе де болады. Солтүстікке Оңтүстікті бет бұрғыз. Қадірлі комиссия мүшелері! Жер біздің жанымыз қанымыз, нанымыз, тағдырымыз, болашағымыз. Еліміздің ең таңдаулы ұл қыздары сіздер деп есептесек, бұл мәселені әділ, шынайы, нақты шешпесеңіздер ертең тарих төрінде қарабет боласыздар.

Ертай Айғалиұлы

******************************

Қазақ жерін «бос жатқан жер» деп бағаламау керек

Nurtore-kopiyaҚазіргі таңда Қазақ жерін «бос жатқан жер» деп біржақты қарау үстем болып тұр. Сол «бос жатқан» жерде неше түрлі емдік және дәрілік өсімдіктер бар. Бір ғана мия өсімдігі соңғы бірнеше жылда түп-тамырымен қопарылып, Қытайға сатылуда. Қытай әлемдік фармацевтика саласында ұлы төңкеріс жасап жатыр. Ненің есебінен? Негізінен Қазақстан, Моңғолия секілді елдердің табиғи дәрумендерге бай дәрілік өсімдіктерінің есебінен! Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің есебін алып, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтап, отандық фармацевтикаға орайлы пайдаланып, табиғи байлығымызды дұрыстап игерудің кешенді бағдарламасы бар ма?!. Егер осы сала дұрыс жолға қойылса, миллион гектарлап егін екпей-ақ Қазақстан экономикасына миллиардтаған табыс әкелуге болар еді ғой!

Нұртөре Жүсіп

******************************

мутановКез келген нысанның өз иесі болуы керек, оның ішінде жер де бар. Жердің иесі болған кезде ғана оның тиімділігі де өнімділігі де артады. Ендігі жерде сол нарықтың заңын халықтың болмысына, дәстүрлеріне орайластыра отырып, дұрыс шешімдер қабылдауымыз қажет. Бүгін Құнанбай бабамыздың «Ел өседі, мал өседі, бірақ жер өспейді» деген сөздерін де еске алып жатырмыз. Енді сол жерді келешегіміз үшін қалай сақтап қаламыз? Жеріміздің тұтастығын сақтай отырып, ұлан-байтақ даламызды халқымызға қалай қызмет еткіземіз деген сауалдар туындауда.

Ғалымқайыр Мұтанов

************************************

Латифундистер меншігі мемлекетке қайтарылсын!

марат тоқашбаевЖақында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қазақстан» ауылына жол түсті. Сонда Шаймұрат ақсақалдың баласы Алмаспен сөйлесіп отырғанымызда ол: «Ауылдың жоғарғы тау жағы түгел қоршалып алынған. Жайлауға шығатын төте жол жабылды. Оған бару үшін енді Тескенсудің үсті арқылы оншақты шақырым айналып жету керек. Жақындағандарды күзетшілері кіргізбей, «Атамыз!» деп қорқытады. Мәсімовтың әкесі дей ме, біреу тау етегін меншіктеп алыпты. Содан бұл жақтың халқы өте ашынып отыр»,— деген әңгіме айтты. Бұл дерекке менің еш күмәнім жоқ.

Марат Тоқашбаев