Комиссия отырысы
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі-комиссия төрағасы Н.Жүнісбековтың төрағалығымен Талас аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, бөлім және мекеме басшылары, құқық қорғау саласының өкілдері мен қала және ауылдық округі әкімдері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде Жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар және Аудандық терроризмге қарсы комиссияның 2023 жылы атқарған жұмыстары мен комиссия шешімдерінің орындалу барысы және 2024 жылы атқаратын негізгі іс-шаралардың басым бағыттары (жоспар) туралы қаралды.
Баяндамашылар тақырыпқа сәйкес өз салаларында атқарылған жұмыстары бойынша баяндама жасап, комиссия төрағасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудан әкімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы Ә.Алтынкөп 2023 жылы комиссия отырысының хаттамаларына жүргізілген талдау бойынша тоқталып, алға қойған маңызды тапсырмаларды атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша аудан әкімі шешім жобасымен комиссия мүшелерін таныстырып, көтерілген ұсыныстар хаттамалық тапсырмаға енгізілуін тапсырды.
Талас ауданы әкімдігі