Kомиссия отырысы өткізілді
Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Ерлан Бейсенұлы Байболаттың қатысуымен аудан әкімі, Комиссия төрағасы Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен Жамбыл ауданы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді. Комиссияның күн тәртібінде “Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар, осы бағытта қалыптасқан өзекті мәселелер және оның шешу жолдары туралы” және “Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықтималдылығы бар және бас бостағынан айыру орындарынан босаған азаматтарға қатысты профилактикалық және қолдау шаралары туралы” мәселелер қаралды. Сонымен қатар, “Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылы атқарған жұмыс қорытындысы жайлы баяндалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.