Коммуналдық төлемді қысқартуға бола ма?

Бұл сауалға осы сала мамандары: «Иә, болады, бірақ, ол үшін бірқатар жұмыстарды іске асыру керек. Мәселен, энергияны үнемдеу — соңғы тұтынушыға энергияны жеткізу кезінде де, энергия ресурстарын пайдаланған кезде де энергия шығынын барынша азайту болса, адамдар үшін — коммуналдық қызметтердің құнын едәуір төмендету, ел үшін — ресурстарды үнемдеу деген сөз.

Ол үшін мына іс-шаралар қажет: ғимараттың инженерлік жүйелерін жаңғырту және реконструкциялау (7-15% дейін үнемдеу), ғимараттардың жылуын оқшаулау (қабырғалары, төбесі, жертөле және т.б. 30% дейін), екіжақты тамбурды қондыру (5% дейін үнемдеу), кіреберістердің және жертөлелердің алдыңғы есіктерінде автоматтық жеткізгішті монтаждау (5% дейін үнемдеу), кіреберістердегі ескі терезе жақтауларын энергия үнемдейтін шыныпакеттерге ауыстыру ( үнемдеу 10-20% дейін), автоматтандырылған жылу пунктін орнату (15- 20% дейін үнемдеу), жылыту және желдету жүйесін реттеу (15- 20% дейін үнемдеу)»,— дей келіп,  пәтер иелеріне: ескі терезе жақтауларын энергияны үнемдеу шыныпакеттеріне ауыстыру, ресурстарды және энергияны есептеуге арналған жеке аспаптарды орнату, су ағып тұруы мүмкін ванналардағы крандардың, жууға арналған бассейндер мен раковиналарды, дәретхана бактары мен құбырлар буындарының жұмыс жағдайын жақсарту, энергияны үнемдейтін тұрмыстық техниканы сатып алу, кәдімгі қыздыру шамдарын электр қуатын үнемдейтін құрылғылармен ауыстыру, металл құбырларды пластиктен ауыстыру сынды жұмыстарды іске асыруды ұсынады.

 

Ермек Назым