Көне шаһар әсем гүлдермен көмкерілуде

Биыл Тараз қаласын көгалдандыруға көп көңіл бөлінуде. Әрине, жайқалған әсем гүлдер қала көшелеріне сән беріп қана қоймай, тұрғындарға да ерекше әсер сыйлайды.
Осы мақсатта биыл көктем-жаз айларында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызылды. Оның 5000 шаршы метр арнайы гүлзарларға, 627 шаршы метр қазандыққа гүл егілді.
Нақтырақ тоқталсақ, облыстық әкімдік аумағындағы гүлзарларға – 2237, 63 шаршы метр (134 257, 8 дана), қалалық әкімдік аумағындағы гүлзарларға – 769, 61 шаршы метр (46 176, 6 дана), Төле би көшесі Ұлбике ақын көшесінен бастап, Жамбыл даңғылына дейін – 4589, 00 шаршы метр ( 275 340 дана), темір жол вокзалы – 111, 85 шаршы метр (6711 дана), әуежай сквері – 247, 79 шаршы метр (14 867 дана), Жастар аллеясы – 3291, 63 шаршы метр (197 497, 8 дана ), Қарахан сквері – 1694,03 шаршы метр (101 641, 8 дана), Б.Момышұлы атындағы “Жеңіс” саябағында – 1337, 20 шаршы метр (80 232 дана), 
Тәуке хан көшесі көпірдің айналасындағы гүлзарларға – 230,07 шаршы метр (13804 дана), “Тектұрмас” этно-мәдени кешеніндегі гүлзарларға – 243, 14 шаршы метр (14 588, 4 дана), Мирзоян көшесі (кольцо) – 179, 07 шаршы метр (10 744, 2 дана ), Қонаев сквері – 294, 96 шаршы метр (176 697, 6 дана) , Төле би көшесі мен әл-Фараби көше қиылысы – 289, 07 шаршы метр (17 344, 2 дана), Тұңғыш Президент саябағы – 314, 76 шаршы метр (18 885, 6 дана), “Көне Тараз” кешені – 1682, 67 шаршы метр (100 960, 2 дана). Төле би көшесі мен Жамбыл даңғылы қиылысы – 418, 45 шаршы метр ( 25 107 дана). Төле би көшесі мен Қойгелді көше қиылысы – 345, 73 шаршы метр (20 743, 8 дана) гүл отырғызылды.
Бұған қоса, Төле би, Жамбыл, Тәуке хан көшелері мен “Тектұрмас” этно-тарихи кешеніне бір жылдық гүлдермен қоса 15 мың дана раушан гүлі егілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар 2025 жылы да өз жалғасын тауып, шаһар аумағына көктем-жаз айларында 50 000-нан аса раушан гүлі және 700 000 дана бір жылдық гүл отырғызу жоспарлануда.