Конференция мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау мұнай-газ университетімен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі және болашағы» тақырыбына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Мемлекеттік басқаруды тиімді етуге және имидждік саясатты дамытуға байланысты ұсыныстарды енгізу арқылы мемлекеттік органдар басшыларымен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен және профессорлы-окытушылық құраммен оларды талқылауды мақсат еткен шараның берері мол болды.
Конференцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов, Атырау облысының мемлекеттік орган басшылары, жоғары оқу орындары басшылары, үкіметтік емес ұйым және профессорлы-оқытушылық құрам өкілдері қатысты.
Конференция барысында 7 баяндама оқылып, пікірталастар айтылды. Мемлекеттік қызметтің дамуына үлесін тигізетін ұсыныстар ортаға салынып, тиісті шешімдер қабылданды.
Светлана Муньянова