Конституция күніне орай Қарағанды саябағында ән фестивалі және ретроконцерт өтеді
Қарағандылықтарды Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойлауға орталық мәдениет және демалыс саябағына шақырады. 28 тамызда жағалауда «Ән саламын саған, Қарағанды!» фестивалі және «Менің Қарағандым» ретроконцерті өтеді.
Маусым айында 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі вокал орындаушылары арасында «Менің қалам» жобасы аясында ән байқауы жариялан болатын. Осы жексенбіде ол қорытындыланады. Байқаудың сегіз финалисті өнер көрсетеді. Фестивальдің басталуы: сағат 12.00.
Ретроконцерт 19.00-де басталады. Музыкалық кеш басында Қарағандының КВН командалары өздерінің үздік нөмірлерін назарға ұсынады. Одан кейін жергілікті әртістер мен музыканттар өнер көрсетеді. Танымал әндерді Марат Бекішев, Венера Каменова, Жасұлан Амангелдиев, Константин Литвченко, Сейіл Аяған, Анифа Акмуллаева орындайды. Бағдарламада музыкалық композициялармен: Қайрат Әлиев, Саят Әбдіғали, Жанбек Тілеуберенов және Сергей Дегтярев өнер көрсетеді. Концертке «Кәусар» және «Әуен» дуэттері, «Ностальжи» ретрогруппасы қатысады.
Жомарт Шаймұрат