🔰Конституция күніне орай Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында спорт кешені пайдалануға берілді.
Заманауи кешен «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, елді мекен тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.
Аудан басшысы өз сөзінде жаңа нысан жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға мемлекет тарапынан жасалып отырған зор мүмкіндік екенін жеткізіп, ауыл жастарын спортты тұрақты серік етуге шақырды.
Бой көтерген спорт кешені алдағы уақытта ел игілігіне қызмет ететін болады.
Дәл осы күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылындағы қайта жаңғыртудан өткен қызметтік пәтерлердің кілті бюджеттік мекеме қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырылды.