Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады – Президент
«Ата Заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде.