ҚОНЫС АУДАРУ ЖӘРМЕҢКЕСІ САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

✔️Сайрам ауданында «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде «Қоныс аудару» жәрмеңкесі жалғасты. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Абзал Қазанқапов, «Аmanat» партиясының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов пен аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев қатысты. Бағдарлама аясында жұмысқа орналасып, ауыл шаруашылығы саласында кәсіп ашуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, көшу шығындары өтеліп, баспанамен қамтамасыз етілгенге дейін бір жыл бойы баспана жалдау және коммуналдық төлемдерді өтеу қарастырылған.
✔️Жалпы жәрмеңкеге еліміздің 7 өңірінен келген 100-ге жуық делегация өңір тұрғындарына 10 мыңнан астам бос жұмыс орындарын ұсынуда. Оның ішінде, Сайрам ауданында өткен кездесуге 400-ге жуық тұрғын қатысып, 50-ден астам сайрамдық отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірген. Аталған жәрмеңке алдағы 2 күнде өзге аудан-қалаларда өз жалғасын табады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі