Қоныс құтты болсын, Зульфия!

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы  Зульфия Габидуллина Жаңа жыл мерекесін жаңа қоныста қарсы алды. Мерекеге санаулы сағаттар қалғанда облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев чемпионға өзінің қалауына сәйкес «Тараз-Арена» спорт кешенінің жанынан соғылған үйдің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Зульфия Габидуллина Бразилия төрінде алтыннан алқа тағып, көкбайрағымызды көкте желбіреткенде қуанышымызда шек болған жоқ. Ол өзінің адал еңбегімен, қажыр-img_7561қайратымен осындай биікке көтерілді. Біздің мерейімізді тасытып, абыройымызды асқақтатты. Зульфияны «Әулиеата» әуежайынан қарсы алған кезімізде  мен батыр қыздың өз өтінішіне сәйкес, жеке тұрғынүй соғып беруге уәде еткен болатынмын. Осы орайда демеушілік көмек көрсетіп, баспананы  екі ай мерзім ішінде аяқтаған «Бином» компаниясына  алғысым зор. Соның нәтижесінде  Зульфия Габидуллина Жаңа жылды жаңа қонысында қарсы алғалы отыр.  Шын мәнінде Зульфия-біздің мақтанышымыз. Чемпионға күні кеше ғана «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олай болса,  қатар келген қос қуанышпен, әрі Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын,-деді К.Көкірекбаев.  Облыс басшысы З.Габидуллинаға баспана кілтімен қатар мерекелік сыйлықтар да табыс етіп, дастарханнан дәм ауыз тиді.

Өз кезегінде Паралимпиада ойындарының чемпионы Зулфия Габидуллина облыс басшысына, барша  жанкүйерлер қауымына шынайы алғысын жеткізді.

Көпқабатты тұрғынүйдегі пәтерге арбамен кіріп-шығу қиынға соғатын. Сондай сәттерде «Жеке үй соқсам, әрі ол өзім жаттығанын «Тараз-Арена» спорт кешенінің қасында болса, деп армандайтынмын. Бүгін осы арманыма қол жеткізіп отырмын. Сол үшін спорт саласына ерекше көңіл  бөліп жүрген Елбасына, облыс әкіміне айтар алғысым зор. Мен де елімнің абыройын асқақтату үшін барымды саламын, – деді Зүлфия.

img_6625

Айта кету керек, алты  бөлмеден тұратын тұрғынүйдің құрылысына «Бином» компаниясы  21 миллион теңгенің көлемінде қаражат жұмсаған. Мұнда жаттығу залы орналасқан. Кіріп-шығуға ыңғайлы болу үшін пандус та қойылған.  Жеңімпазға құрмет осындай-ақ болар.

Қоныс құтты болсын, шемпион!

Саятхан САТЫЛҒАНОВ