Көпбалалы аналар қолдаусыз қалмайды
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қаракемер ауылының тұрғыны Айна Күлтбаеваны сұрағымен қабылдап, талап-тілегіне назар аударды.
Айна Тілектесқызы бірнеше жылдан бері қоғамдық жұмысқа орналасқанын, тұрақты жұмыс орны керектігін жеткізді.
Көпбаланы ананың ұсыныс-пікірін назарға алған аудан басшысы Қаракемер ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқанын, жұмыстар аяқталған соң тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік қарастыратынын айтты.
Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова және бірқатар тиісті сала басшылары қатысып отырды.
Өз кезегінде А.Күлтаева аудан басшысына алғысын білдірді