Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді
Басқосуда сөз алған шаһар басшысы алтын құрсақты аналарға ақжарма тілегін арнады.
– Еліміз егемендігін алған сәттен бастап ана мен баланы қорғау, демографияны дамыту бағыттарына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та әр Жолдауында осы мәселені назардан тыс қалдырған емес. Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде Тараз қаласы тұрғындарының саны артып келеді. Бұған өздеріңіздей алтын құрсақты аналарымыздың қосып отырған үлесі зор, – деген Бақытжан Әмірбекұлы 7 анаға «Алтын», 18 анаға «Күміс» алқаларын табыс етті.
Марапат иелері де өз кезегінде қала басшылығына алғыс білдірді.
Жалпы Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында 2 753 ана «Алтын», 2 516 ана «Күміс» алқаға қол жеткізген.
Тараз қаласының әкімдігі