«Ең белсенді волонтер»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылының орталық саябағында «Ең белсенді волонтер» акциясы өтті.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен бұл шараның басты мақсаты республикалық акцияның 5 апталығында белсенділік танытқан азаматты марапаттай отырып, өзге де ауыл жастарын қоғамдық жұмыстарға тарту, туған жердің тазалығын сақтауға баулу.
Акция барысында орталық саябаққа 19 ауылдық округтен келген ерікті жастар жиналып, жаппай сенбілік жұмыстарын жасады. Тазалық жұмыстарынан кейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары саябақтың сахнасында «Ең белсенді волонтерді» номинациясы бойынша Ерік Маликаны марапаттады.
«Еліміздің барлық аймағының жастарымен бірге біздің қордайлық жастар да республикалық акцияға белсенді қатысты, оны өздеріңізге әлеуметтік желідегі парақшамыз арқылы жеткізіп отыруға тырыстық. Бүгінгі шараға да ерекше белсенділік танытқандырыңыз үшін алғысым шексіз», деп «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Р.Бедельбаев алғысын білдірді.
Айта кетейік, осындай форматтағы шаралар ауданның басқа ауылдық округтерінде де өтті.