ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
Коронавирустық инфекция ауруының жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Қордай ауданының аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ден бастап ерекше талаптары бар шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтер мен тұрғындар тіршілігіне карантин режимін енгізу туралы шешім қабылданды.
1) Жол жүру уақыты сағат 10-00-ден 19-00-ге дейін шектелген транзиттік жүк көліктерін қоспағанда, көліктің барлық түрлерінің шекара арқылы өтуіне және азаматтардың жаяу өтуіне тыйым салынады.
2) Төмендегі жағдайлардан бөлек, автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың аудан аумағына (аумақтан) келуіне және шығуына тыйым салынады:
— азық-түлік тауарларын, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын медициналық қызметкерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық тәртібі органдарының және автокөлік құралдарының мамандары, сондай-ақ тұрғылықты жеріне оралу үшін ауданға келетін адамдар;
— аудан аумағында көктемгі егіс жұмыстарын жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы техникасына шектеусіз жүруге рұқсат етіледі;
— аудан аумағы бойынша транзиттік автокөлік құралдарына және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық автожолымен жүретін адамдарға елді мекендерге және аялдамаларға кідірусіз (оның ішінде қысқа мерзімді) жүруге рұқсат етіледі.
3) Азық-түлік тауарларын тасымалдауды қоспағанда, елді мекендер арасында жүріп-тұруға тыйым салынады;
4) Ауданның елді мекендері арасында және одан тыс жерлерде жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің қызметіне тыйым салынады.
5) Келесі жағдайларды қоспағанда, аудан аумағында адамдардың және жеке көліктің жүріп-тұруына тыйым салынады.:
— қызметі ауданның жедел штабымен бекітілген салалар тізіміне енгізілген ұйымдар үшін жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай қайту;
Ескерту: ресми бланкідегі жұмыс орнынан алынған анықтамаларға ұйымның атауы, БСН, жұмыс берушінің (ұйым басшысының) Т. А. Ә. және байланыс деректері, кейін аудит жүргізу үшін кадрлар бөлімінің қызметкерлері енгізілуі тиіс.
— дәріханалар мен дүкендерден азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу;
— медициналық көмекке жүгіну;
— мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында мекемелерге бару;
— күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар кезінде.
6) 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға тыйым салынады, олар үшін Қордай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және еріктілер ұйымдарының күшімен арнайы күтім шаралары ұйымдастырылады.
7) Азаматтарға жеке тазалық-қорғану құралдарын пайдалану ұсынылады.
8) Туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне және т. б. баруға тыйым салынады.
9) Отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық топтасып жүруге, сондай-ақ ересек адамдардың еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың көшеге шығуына жол берілмейді:
10) Барлық қызмет түрлері, оның ішінде жеке тұрған бокстары бар (екіден көп емес) дөңгелек монтаждау техникалық қызмет көрсету станциялары және банктердің бөлімшелерін қоспағанда, барлық техникалық қызмет көрсету станцияларының, химиялық тазарту, кір жуу, фотоатель, фотосалондар, оптика, ломбардтар, жылжымайтын мүлік агенттіктері, көлікжуу, сауна, монша, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер, сұлулық салондары, спа-орталықтар, тырнақ студиялары, барбершоптар, компьютерлік клубтар, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, хайуанаттар парктері, мұз айдындары, көрмелер және басқа да қызмет көрсету саласындағы ұқсас нысандар, қызмет көрсету нүктелерінің қызметі тоқтатылады.
11) Көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар ауданның жедел штабы бекіткен жеке кесте бойынша жұмысын жалғастырады.
12) Азық-түлік дүкендері, үйдегі дүкендер мен дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
13) Азаматтардың нысандардың үй-жайларына бармай сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жеткізіп беру режимінде тапсырыстарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қоғамдық тамақтану нысандарының (кафелер, мейрамханалар, барлар, асханалар, тандыр және жапсыру цехтары, жылдам тамақтану нысандары және басқалар), жұмысы тоқтатылады.
14) Халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге арналған жиі баратын орындарды (көшелерді), саябақтарды, скверлерді, жағалауларды, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және өзге де демалыс орындарын жабуға міндетті.
15) Меншік нысанына қарамастан көктемгі егіс ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерді қол тазалау және тыныс алу органдарын қорғау үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етуге міндетті.
Қордай ауданы әкімдігі