ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЕКІ ЖЫЛ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқаудың үздіктері анықталды.
Үздік оқытушылар додасы 3 кезеңнен тұрды.
Алғашқы кезеңінде қатысушылар тілді оқытуда пайдаланатын заманауи технологиялармен таныстырды. Екінші кезеңде әдістеме бойынша сұрақтарға жауап берсе, үшінші кезеңде үміткерлер В2 — орта деңгей тыңдаушыларынан құралған сынама топпен сабақ өткізді.
Байқауда Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ және Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» МҚКҚ аудандық және қалалық филиалдарынан 9 үміткер бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ қазақ тілі оқытушысы Ф.Т.Кенжебекова бас жүлде иеленіп республикалық байқауға жолдама алды.
Қордай ауданының әкімдігі