ҚОРДАЙ БЕТОН ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУДА
Ауданда соңғы жылдары құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе, мектептер мен амбулаториялар, су және газ құбырларының салынып жатқандығын байқап жүрміз.
Ал осы құрылыстың басты элементі темір-бетоннан жасалынған материалдар өндірісі ауданда аса дамымаған еді. Жуырда бұл олқылық түзетіліп, аудан аумағында темір-бетон зауытының құрылысы басталып кетті.
✅«Ашылып жұмыс істеп жатқанымызға бір айдай болып жатқан шығар. Оның алдында аукцион арқылы 3 гектар жер сатып алып, қазіргі кезде оны өзіміз шығарған бетон плиталармен қоршап жатырмыз. Негізі құрылыс саласында көпжылдық тәжірибеміз бар, Шу қаласында бір темір-бетон шығаратын зауытымыз жұмыс істейді. Енді міне Қордай жерінде де өндірісті орналастырсақ деген жоспарымыз бар», — дейді зауыт басшысы Ерғазы Расылханұлы.
Негізі кәсіпорын тауарлы бетон, бетон сақиналарын, бетон құрылыс плиталары мен блоктарын шығарумен айналысуда. Зауыт басшысының айтуынша болашақта ассортиментті кеңейтіп, бетон блоктарының түр-түрін, бетон іргетастарын, темір торларды, профлист, құмблоктарды, брусчатканың түрлерін шығару жоспарлануда.
✔️Мәселен, компания өз офисін салып, жұмысшыларға асхана, жуынатын жер, спортзал, тіпті сырт жақтан келетін жұмысшылар болса жатақхана салуды жоспарлап отыр.
⏳Болашақ зауытқа шикізат жеткізу мәселесі де шешілген.
☑️Жалпы алғанда болашақ Құрал-жабдықтар Қазақстан, Ресей, Қытай елдерінен шыққан. Мәселен, өндірістің негізгі машинасы тауарлы бетонды араластырып, шығаратын биік мұнаралы 125 тонналық екі машина қазақстандық «Алматы эксперименталды механизацияланған зауытта» құрастырылған екен, бетон сақина жасайтын қалыптар Ресейден алдырылған, ал жүк көліктері Қытайдан келген.
Зауыт басшысының айтуынша қазіргі таңда зауытқа 100 млн. теңгеге дейін қаражат салынған, болашақта бұл сома 300 млн. теңгеге дейін өседі.
Кәсіпорында қазіргі таңда оншақты адам еңбек етуде. Болашақта жұмысшылар санын 50 адамға дейін өсіру жоспарлануда.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі