ҚОРДАЙЛЫҚ ДЕПУТАТТАР 162 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының ұйымдастыруымен партиядан сайланған облыстық депутаттар мен бастауыш партия ұйымдары және белсенді партия мүшелерінің демеушілігімен «Бақытты отбасы» партиялық жобасының «Баланы мектепке жинайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында 162 балаға мектеп формасы, кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табыс етілді.
Акцияның басты мақсаты – көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын 1-ші қыркүйекке дейін мектепке дайындауға көмектесу.
✅Сонымен қатар, акция аясында «Ауқатты», «Бетқайнар», «Гвардейск», «Қарасу», «Қарасай», «Кенен», «Қордай», «Масаншы» және «Сортөбе» бастауыш партия ұйымдарының партия ұйымына іс-шараларды ұйымдастыру және өзекті мәселелерді шешуге ай сайын қайтарылатын партиялық жарнаның 20 пайыздық қаржысына ұйымдастырылып, 21 оқушыға мектеп формалары мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табысталды.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі