ҚОРДАЙЛЫҚТАР ҚАРҚЫНЫ

АУДАНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қордай ауданы бойынша 54 сайлау учаскесі бар. Таңғы 06.00-ден барлық сайлау учаскелері дайындық жұмысын бастап кетті. Сайлау учаскелері сағат 07.00 де әнұран орындалуымен ашылады.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ел тарихындағы маңызды науқаннан қалыс қалмай, өз учаскеңізге келіп, дауыс беруге келіңіз!

ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша Кордай ауданындағы орналасқан барлық сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша мемлекеттік әнұран шырқалып, салтанатты түрде ашылды.
✔️Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

100 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНАДАУЫС БЕРДІ
Ғасыр жасаған Үлкен Сұлутөр ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Естаева Қатипа әже өз таңдауын жасап, дауыс берді.
— Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси науқанға өз үлесімді қосқаныма шын жүректен қуаныштымын. Елім дейтін азаматтар көп болсын, халқымыз аман, елде бейбітшілік болсын! – деді кейуана.
Қарт ана өз таңдауын жасағаннан кейін ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫ БАР

Ауылдардағы сайлау учаскелері үзіліссіз жұмыс жасайтын болады.
Комиссия мүшелерімен бірге Әнұранды тыңдап, дауыс беріп үлгерген тұрғындар да бар.
Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Жамбыл облысының және Қордай ауданының Құрметті азаматы Т.Сүгірбай Д.Қонаев атындағы орта мектепте орналасқан №240 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Бұл саяси науқанның елдің дамуы мен болашағында маңызы жоғары. Сондықтан да, береке-бірліктің үлгісін көрсетіп, ел болып жұмыла атқарайық, ағайын»,– деп ақсақал өзінің сайлауға қатысты пікірін білдірді.
✔️Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫ БАР

Ауылдардағы сайлау учаскелері үзіліссіз жұмыс жасайтын болады.
Комиссия мүшелерімен бірге Әнұранды тыңдап, дауыс беріп үлгерген тұрғындар да бар.
Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Жамбыл облысының және Қордай ауданының Құрметті азаматы Т.Сүгірбай Д.Қонаев атындағы орта мектепте орналасқан №240 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Бұл саяси науқанның елдің дамуы мен болашағында маңызы жоғары. Сондықтан да, береке-бірліктің үлгісін көрсетіп, ел болып жұмыла атқарайық, ағайын»,– деп ақсақал өзінің сайлауға қатысты пікірін білдірді.
✔️Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еліміздің болашағы үшін өз таңдауыңды жасау өте маңызды қадам. Әр азаматтың дауысы ел ертеңі үшін ерекше болатын күн бүгін. Осындай мақсатта Қордай ауданы әкімі Бегзат Болатбеков аудандық Мәдениет үйінде орналасқан №239 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Отанымыздың дамуы жолында жасалып отырған маңызды саяси қадамдар барысында азаматтарымыз дұрыс таңдау жасап, Жаңа Қазақстан құруға өз үлестерін белсенді түрде қосады, деп сенемін деді аудан басшысы.
Аудан әкімімен бірге дауыс беруге аудандық полиция бөлімі бастығы келіп, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Кенен ауылында ҚР Әнұранымен ашылып, жұмысын бастаған №259 сайлау учаскесі жұмысы қызу жүруде. Ауыл халқының белсенділігі жоғары. Әсіресе, мәдениет қызметкерлері үлкен азаматтық ұстаныммен келіп, өз таңдауларын жасауда. Ауылдық мәдениет үйі қызметкері Сәкен Керімқұлов ауыл бойныша бірінші болып сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
-Ауылдың жарқын болашағы, еліміздің өркендеуі жолында қанаты талмасын деген тілекпен бүгін өз таудауымжы жасадым, — дейді Сәкен аға.

Алғаш рет дауыс берген азамат
Аудан аумағындағы сайлау учаскелерінде тұрғындар белсенді түрде дауыс беруде. Мұнда мерекелік көңіл күй салтанат құрған. Келген адамның рухын көтеретін патриоттық әндер ойнап тұр.
Скаков Темірхан өзінің дауыс беру құқығын алғаш рет пайдаланған аудан тұрғыны. Ол ең жас сайлаушы ретінде сыйлыққа ие болып, бүгінгі саяси науқан жайлы ойымен бөлісті:
«Бүгін мен үшін – тарихи күн. Сайлауда алғаш рет дауыс бердім. Бұдан былай еліміздегі маңызды оқиғаларға, қабылданатын шешімдерге дауыс беру арқылы өз үлесімді қосатын боламын. Біздің күнделікті тіршілігімізге, келешегімізге қатысты өзекті шешім қабылданып жатқанда, одан қалыс қалу дұрыс емес деп есептеймін. Депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен БАҚ беттерінен танысып шықтым, соған сай өз таңдауымды жасадым»,-дейді жас сайлаушы.

ЖАС ЖҰБАЙЛАР ДАУЫС БЕРДІ
Сайлаушылардың арасында отбасымен келіп, дауыс беріп жатқандар да бар.
Солардың бірі — жақында шаңырақ көтерген жұп — Айдәулет Тоқталы мен жары Динара. Отбасы болып алғаш рет саяси науқанға қатысып отырған жас жұбайлар бұл сайлаудың ел ертеңі үшін маңызы зор екеніне сенімді. «Еліміз үшін аса жауапты кезеңге бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасауға келдік. Бұл біздің отбасымыздың, болашақ балаларымыздың жарқын келешегі үшін жасалған қадам деп білеміз. Еліміз аман, аспанымыз әрдайым ашық болсын», дейді қордайлық жұп.

Ел тарихындағы елеулі оқиғаға ҚР Парламенті Сенатының экс депутаты, Қордай ауданының Құрметті азаматы Мұратбай Жолдасбаев та өзіндік үлес қосып, № 240 сайлау учаскесінде дауыс берді. « Әр азамат өзінің дауысы маңызды екенін ұғынуы керек. Жаңа Қазақстанды бірлесе, біріге баршамыз жасауға тиістіміз»- деді Мұратбай Сматайұлы дауыс беріп жатып.

Таңмен таласа оянып, бірінші болып дауыс берген аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Карамолдаева Баян. Ол балаларының жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға келгенін айтады. «Біздің дауысымыз – Қазақстанның келешегі үшін өте маңызды. Сондықтан мен сенім артқан кандидатыма дауыс бердім»,-дейді сайлаушы. Ең бірінші болып дауыс берген азаматқа сайлау комиссиясы атынан арнайы сыйлық табысталды.

Бүгін, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында, елімізде айтулы оқиға — ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.
Аудан аумағындағы сайлау учаскелерінің бәрінде мерекелік көңіл күй орнаған.
Мәселен, Қарасай ауылындағы №218 сайлау учаскесіне келген азаматтар кіре берістен патриоттық әндермен жігерленіп қана қоймай, Әз наурыздың басты асы — көжеден дәм татуда.
Дәл осындай мерекелік атмосфераны Ауқатты ауылындағы №230 сайлау учаскесіне келген ауыл тұрғындары да сезінуде. Дауыс беруге келген халық Наурыз көжеден дәм татып, ақ тілектерін білдіруде.
Ал Қарасу ауылындағы №232 сайлау учаскесінде мерекеге орай жәрмеңке ұйымдастырылған.

Қордай ауылының тұрғындары көп балалы отбасы Жандос Умиралиев және Элмира Ізмұқанқызы сайлау күні алғашқылардан болып №235 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. «Отбасымымның болашағы, балаларымның келешегі үшін таңдау жасадық», — дейді жас отағасы.

Тұрғындардың дауыс беруі үшін барлық жағдайлар қарастырылған.
Аудан бойынша үй жағдайында дауыс беретін мүгедектігі бар азаматтарға мекен жайына бару және инватакси қызметтері ұсынылуда.

Сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй
Бүгінгі саяси науқан Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген соң барлық учаскелерде мерекелік көңіл-күй сезіледі.
Сайлаушыларға мерекелік көңіл — күй сыйлау мақсатында Наурыз көже мен бауырсақ секілді ұлттық тағамдар ұсынып, ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламалары да қойылуда.

Қордай ауданының әкімдігі