Корея СҚО-дағы жаңа аурухананы құралмен қамтамасыз етеді
Оңтүстік Корея Солтүстік Қазақстан облысындағы жаңа көп салалы аурухананы құрал-сайманмен жабдықтап, өз басқару әдістемелерін енгізеді. Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет бастап барған делегация осындай келісімге қол жеткізген. Қазақстандықтар елдегі ең ірі бес аурухананы аралап, жұмысының қағидаларымен танысты. Петропавлда көп салалы аурухананың құрылысы биыл басталып, үш жылдан кейін іске қосылады. Жаңа клиника облыстағы 6 аурухананы біріктіреді. Егер қазір онкологиялық пен перинаталды орталықтар қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасса, болашақта жаңа нысанда медициналық қызметтердің бүкіл түрі көрсетіледі. 2021 жылға дейін 6 миллиард теңгеге медициналық құрал-сайман сатып алу жоспарланған. Бұл магнитті резонанстық томограф, ангиограф, рентген аппараты және өзге де техникалар. Клиника қасында қызметкерлеріне арналған 200 пәтерлі тұрғын үй салу көзделіп отыр. Мадияр Қожахмет, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары: — Корейлік ауруханалар, біріншіден, егер біз ғимаратты мемлекет тарапынан салғызатын болсақ, олар өзінің медициналық жабдықтарымен және менеджментпен осы клиниканы жүргізетін болса, біріккен жұмыспен, онда пайдасы да жақсы болады, нәтижесі де және бір жағынан үкіметтік қаражатты үнемдеу мәселесі қарастырып жатыр.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/291021-koreya-s-o-da-y-zha-a-aurukhanany-ralmen-amtamasyz-etedi?fbclid=IwAR1M5VEoJXuclAZNUQnLsNQj5qMkSONPyskE0x6rCK0UsIBzHi4GjevW64g
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz