Көрісіп, көңіл айтуды білеміз бе?
Біздің жақта қаза кезінде жақын ер адамдары үйдің алдында таяқ ұстап тұрады. Келген адамдар дауыс шығарып, келіп құшақтап көріседі де, үйге кіріп әйел адамдармен көрісіп, көңіл айтады. Бала кезімізде ақсақалдардың алыстан айғайлап «ағатайым ау, бауырым ау» деген дауыстары құлақта қалып қалған екен.. Осы таяқ ұстау тек Шығыс қазақстанда, соның ішінде бүрынғы Семей облысында ғана барма деп қалдым..
Апам қайтыс болғанда мен 13 жастағы бала едім, ағаларыммен бірге таяқ ұстап, жылап тұрдым… Рамазан деген атамыздың аттың бауырына жығыла, дауыс қойып келгені әлі көз алдымда. Осы ат қойып, жылап келу бар қазақта бұрын бар емес пе еді?
Қәзір қалада адам қайтқан үйлерге барғанда осы салт-дәстүрдің бірін де көрмей біртүрлі қоңылтақсып қайтамын. Әйел адамдары құр ойбайлап жылайды, жоқтау айтуды тек үлкен әжелер мен апалардан ғана естиміз. «Қазақ әлмисиққа дейін қазақ болып қалу керек» деп айтқан екен кезінде Әлихан Бөкейхан. Қазақтың салт дәстүрлерінің керемет пәлсапалық мәні бар ғой.
Бұрында жанынан шығарып жоқтау айта алмайтын қыз келіншектерге үлкендері шығарып беретін болған ғой. Абай атамыз да талай жоқтаулар шығарған кезінде.. Негізі салт-дәстүрден айрылсақ Қазақ болудан қаламыз ба деп қорқамын..
Сіз қалай ойлайсыз??