КӨРІСУ (АМАЛ) МЕРЕКЕСІН ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРЕЛІК НЕМЕСЕ НАУРЫЗЫМЫЗДЫ ТОЙЛАУ ЖАҢАША СИПАТ АЛЫП КЕЛЕДІ

Ұлттық рухты қалай жаңғыртамыз? Елдік мұраттарға қалай, қайтіп иек артамыз? Қайтсек, ата-баба дәстүрін жалғап, келер ұрпақ қастерлейтін ізгі мұраларға, салт-дәстүрлерге, тағылымды мерекелерге қорған боламыз? Енді бір ай шамасында ұлыстың ұлы күні есік қағады. Оған халықтың дайындығы, биліктің әзірлігі қай деңгейде? Ұлық мерекені өз дәргейінде қарсы алуға, анадай елжіреген табиғаттың жылылығын сезінуге дайынбыз ба?

Тарихымыздың тереңіне үңілсек, шет-шегі жоқ көл-көсір мол байлық. Дариядай толқып, арнасынан асып — тасып жатыр. Салт-дәстүріміздің өзі бір төбе! Тәлім — тәрбие, мәдениетіміздің өзі бір көшке жүк. Тіл мен ділдің алар орны тек қана төр! Қазбалай берсек, қазына мұхитының тереңіне бойлау мүмкін емес. Бабаларымыз неткен дана, неткен дара тұлғалар еді десеңізші? Біз секілді жайбасар ұрпақтарына сеніп ұлан-байтақ даланы байлығымен, табиғатпен жарасым тапқан салт-дәстүрін мерекелерімен айшықтап, аманат етіп тастап кетіпті. Алайда біз, сол бабалар аманатына қаншалықты адалмыз? Патриотпын деп кеудені ұрғанмен, іс жүзінде не істедік? Жалаң сөзбен, жалаң ұран жетегінде кетіп бара жатқан жоқпыз ба? Сөз бен істің алшақтығы көп жағдайда орға жығып кететінін естен шығармаған абзал-ау. Қазақ даласын аралаған жиһангерлердің бәрі дерлік қазақ халқы туралы жақсы пікірлер қалдырған. Қонақжай, бауырмал, ақкөңіл, думаншыл, тойшыл… халық екенімізді жарыса жазған. Бірақ қазақы менталитетіміз бен ұлттық болмысымызды, парасат-парқымызды толыққанды түсіне алды дегенге сену қиын.
«Той десе, қу бас домалайды» деп қазекемнің өзі айтқандай, қазақта не көп, той көп. Алла Тағала қазақты тойдан айырмасын лайым! «Бұдан да жаманымызда тойға барғанбыз» дейтін қазақты тойдан айыру тіпті мүмкін емес. Тойсыз қазақтың таңы атып, күні батпаған. Табиғатпен етене халықтың жаз жайлауы да бір той. Қыз ұзату, келін түсіруі де сол кезеңге орайластырылған. Құда күту, ас беру де жаймашуақ жазға тиесілі. (Қақаған қыста той тойлау, ел аралау, жаңа жылдық мереке ұйымдастыру қазақ танымына мүлдем жат! Мұның бәрі кешегі кеңестік заманнан қалған жаман әдеттер ғана).
Мал баққан қазақ үшін көктем кезі – жіңішкенің үзілер шағы. Бірақ «Түске дейін мейіз, түстен кейін киіз» болып жатқан көктемнің жаймашуақ күндері адам баласына ғана емес тіршілік атаулыға ерекше күш-қуат береді. Қысылып қыстан шыққанымен, жер шөпке, мал ауызы көкке жете бере тойлайтын тағы бір мерекесі бар! Мереке болғанда мерекенің – төресі!

Қазақ ежелден тойлап келе жатқан ол мереке – Наурыз. Наурызды еліміз Ұлыстың ұлы күні деп білген. Ұлыстың өзі мемлекет дегенді білдіретінін ескерсек, Ұлыстың Ұлы күні – мемлекеттің ұлы мерекесі деген сөз. Ендеше Наурыз – Қазақстандағы ең басты мемлекеттік мейрам болуы шарт. Өйткені күн мен түн теңелетін, бай мен кедей теңесетін кез осы шақ! Қатулы қабақ пен өкпе-реніштің де күн шуағымен жадырап, дос пейілге көңіл хошымен құлайтын тұсы да осы мезет.
Наурыздың басты кейіпкері – Қыдыр Ата. Демек, жақсылық шақырушы. Ынтымақ пен бірлік, ырыздық таратушы. Бабалар таным-түсінігінде тап осылай. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша «21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен» деген сенім қалыптасқан. Жаңа жылға, жаңа күнге, жаңа таңға сәлем жасау, жаңа нұрға шомылып, жан мен тәнге қуат алу уақыты – осы наурыз айының 21-нен 22-не қараған түнді халық «Қыдыр түні», яғни ырыс түні деп атаған. Бұл түні адамдар ұйықтамай, Жаратқанға құлшылық жасап, ырыс пен береке, ынтымақ пен бірлік тілейді. Байырғы қазақ елінің Наурызды қарсы алуындағы ежелгі наным-сенімі бойынша, дәл осы кеште даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті қазақ үшін Наурыз түні «Қыдыр түні» аталып, қасиетті саналған. Ал осы «Қыдыр түнінде» ел аралайтын Қыдыр Атаның қазақ өміріндегі орны қандай? Бүгінде бәзбіреулер осы бір бейнені, тіпті қазақтың «Аяз атасы» деген ұғымға теліп жүр. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы, адамдарға дәулет дарытып, бақ қондырады дейтін ізгі сеніммен астасып жататын аталмыш әулие бейнесінің қазақ өміріндегі орны қандай?
Қыдыр Ата – бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс-құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр Атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, көшет отырғызып, өсімдікке су құяды. «Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деп сеніп, Наурызға дейін үй ішіндегі мүлік, жиһаздардың шаңын сүртіп, жуып, төсек-орынды, киім-кешекті сыртқа шығарып қағып-сілкіп, бәрін де тазартып қоятын болған. Бұрындары қазақтардың Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырықтан аттап, үйге енгенінде оның іші жап-жарық болып тұрсын деп, төрге қос шырақты жағып қоятыны және бар. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр Ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындай игі сенімнен шықса керек.
Сондай-ақ, халқымызда «Береке басы – Наурызда», «Жыл басы жақсы басталса, аяғы ырысты болады» деген наным да бар. Осыған орай бұрындары ата-әжелеріміз: «Жыл бойы ақ мол, дәнді дақыл бітік, жауын-шашын көп болсын», – деп, Қыдыр түні үйдегі ыдыстардың бәрін дәнге – бидайға, тарыға, сұлы, жүгеріге, аққа – сүтке, айранға, шұбатқа, шалапқа, уызға және кәусар бұлақ суына толтырып қоятын болған.

«НАУРЫЗ – ҚАЗАҚТЫҢ ШЫН МАҒЫНАСЫНДАҒЫ ҰЛТ МЕЙРАМЫ

Иә, Тәуелсіздік ел еңсесін көтерді. Жоғымыз түгенделді,барымыз асқақтады. 1926 жылы діни сипаттағы әдет-ғұрып қатарына жатқызылып, мерекелеуге тыйым салынған Наурыз мейрамы араға 62 жыл салып, 1988 жылы қайта ауызға алына бастаған екен. Бұл аралықта жұртшылық Наурыздан мүлдем қол үзіп кетпесе де, мейрамның нақты мән-маңызы мен түп негізін жадымыздан біршама жасыруға осы уақыт айтарлықтай әсер еткені сөзсіз. Арқалы ақын Мұхтар Шаханов:
«Қанша ғасыр сән берген даламызға
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің,
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жылдан соң қайта келдің» деп жырлағандай, наурызбен де еліміз кеңес дәуірінің соңғы ширегінде сағына қауышты. Ал Тәуелсіздік жылдары Ұлыс мейрамына ерекше мән беріле бастады. Мемлекеттік деңгейде тойлануы үшін үш күндік демалыс мәртебесі берілді. Ал 2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» ретінде аталып келеді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген болатын.
Міне, UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізгеніне де он жылдан асып барады. Түркі дүниесіне ортақ Наурыз мерекесінің қазақ елінің әр өңірінде өзіндік сипатпен тойланатынын ешкім жоққа шығармайды. Бірақ көп жағдайда, киіз үй тігіліп, наурыз көже ішіліп, ұлттық киімдер киген қыз-жігіттердің сахналық көрінісімен шектеліп жататыны жанға батады. Осындайда ұлттық идеологияның солқылдақтығы байқалып, Наурызға деген шығарып салма «көзқарасқа» еті үйренген басшы қызметкерлердің «немқұрайдылығына» ашуың келеді. Бүгінгі билік ел тұтастығын уысында ұстауды қаласа, қазаққа ғана емес жалпы түркі әлеміне ортақ наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлгендері дұрыс. Ұлт пен дәстүр сабақтастығын жалғап, қос тізгінді берік ұстанған биліктің ұтары да, ұғары да көп болмақ!
Тіршілікке жан бітірген жазғытұрымен жағаласа келген кішкентай құсқа – Наурызек деп ат қойып, осы мейрамда мейманына ұсынатын асын – Наурыз көже атайтын, бұл күні ықылас сұрап, қол жайған жұртқа айтылатын тілекті – Наурыз батасы деп айшықтайтын, тіпті осы Жаңа жыл мерекесінде орындалатын ән-жырды – Наурыз жыры деп әспеттейтін қазақтан басқа қай халық?

Алаш арысы Міржақып Дулатұлының ұлық мереке жайында жазған мақаласында: «Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі» деуінің себебі де осы секілді. Оқырмандардың есіне сала кетейін, 2015 жылы президент (бүгінгі Елбасы) Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға сапары барысында мұндағы жұртшылықтың ұлыстың ұлы күнін атап өту үрдісіне риза болып қайтқаны жадымда. Сол жолы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында осы сіздердің өңірде 9 күнге 9 атау беріп, әр күнді әз-Наурызға тән ізгі істерменен құптарлық бастама. Бұл барлық жерлерге таратуға жарайтын мәселе» деген еді… Көп ұзамай елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көріп, онда көзге көрінбей қалған, бір заманда еленбей қалған құндылықтарға басты назар аудару керектігі жан-жақты айтылды. Бұған қатысты көптеген қордаланған проблемалардың шешілгенін халық көрді. Түйсінді! Қалай десек те, Наурызға қазақтың пейілі ерекше болған. Сөзіміздің басында наурыз мерекесін Қазақ елінің әр аймағы өзінше тойлайтынын тілге тиек еттік. Соның бірі – көрісу дәстүрі.

Тәуелсіздігімізден басталған дәстүр жалғастығы

Көрісу бүгінгі таңда еліміздің Батыс өңірінде, әсіресе Маңғыстау облысында ерекше тойланады. Өзім бірнеше рет Маңғыстау түбегінде болып, Наурыз қарсаңында Адай ата кесенесі, Отпантауға ат басын бірнеше рет бұрдым.Сонда халықтың биліктен ештеңе дәметпей, өз күштерімен наурыз мейрамын дүркіретіп тойлағанын және ата дәстүрге деген ықыласы мен ниетін көріп қатты разы болған едім. Ерте заманда елге жау шапқанда, кең байтақ Маңғыстауды ру-ру болып жайлап жатқан халықтың басын жинау үшін Отпан таудың басында Ұран отын жаққан. Сүйтіп Адай халқы бірігіп, елін, жерін жаудан қорғап қалған. Отпан таудың басынан жаққан алау от сонау Үстірттің үстінен көрінеді екен. Қазір бұл жерде жыл сайын Маңғыстау халқының ежелден келе жатқан жыл басы 14 наурыз – Амал күні садақа беріліп, наурыздың 13-нен 14-іне қараған түні бірліктің, достықтың, тірлігіміз бен намысымыздың, ұлттық тәуелсіздігіміз жолындағы әр жылғы жеңісіміздің мәңгілік оты жағылады.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, 2007 жылдың 25 қазанында Қ.Р. тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың « Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің ашылуына қатысушыларға жолдаған құттықтау хатына бір көз жүгіртіп өткен жөн секілді.
«Құрметті Маңғыстаулықтар! Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің игілігін жыл өткен сайын молынан сезіне түсуде. Өз тағдырымыз өз қолымызға тиіп, экономика нығая бастасымен-ақ, біз «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдап, киелі жерлерімізді, батыр бабаларымызды, мәдени мұраларымызды тарих қойнауынан аршып алып, тереңінен сыр тартып, жаңғыртып, қадірлеп, қастерлеуге ден қойдық. Құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгін ашылғалы отырған «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені де осы ел тәуелсіздігінің тікелей жемісі екені анық.
Көне де қасиетті Маңғыстауда сан қилы сын сағаттарында Ұран отын жаққан, кәрі сеңгір Отпан таудың бүгінде мәңгілік отын маздатар Тағзым биігіне айналуы жан сүйсінер жақсылық, өткенге деген құрмет – болашаққа деген жауапкершіліктің биік өнегесі дер едім. Бұл кешен түбі терең тарихымызды ұрпақтарымыздың есіне салып, жүректеріне имандылық нұрын сеуіп, ұлы мұраттарға үндеп тұратын болады. Ол сондай-ақ, Маңғыстау өңіріне жолы түсетін қазақстандықтар мен шетелдік туристердің де арнайы іздеп барып тәу ететін қасиетті мекенжайына айналады деп үміттенемін.
Баршаңызды еліміздегі тағы бір қасиетті тарихи-мәдени кешеннің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» депті президент. Зерделеген адамға Отпантау кесенесінің ашылуына Тұңғыш президент, Елбасының құттықтау хат жіберуі де көп жайдан хабар беретіндей. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел мырзаның Отпантауға қатысты бір мақаласында: «Адай Ата-Отпан тау» рухани тарихи-мәдени кешенін салу идеясын мақұлдап, он жылдан сәл астам уақыт ішінде жұрт болып жұмылып, осынау ғажайып кешенді тұрғызған Адай ата ұрпақтарына шексіз алғысымды білдіремін. Бұл құрылыс екі жыл бойы салынып, жыл сайын жаңартылып, он екі атаның кенжесі Адай Ата елінің Ел таңбасы мен Адай Ата кесенесі, Ақсарай, «Ана келбет» ескерткіші, Батырлар алаңы, Ту төбе, төрт көрме залы, Ұран оты жағылатын мұнара, Көкбөрінің келбеті, соларды біріктіріп тұрған 362 баспалдақ салынып, бәрі-бәрі тарихты терең тануға арналған тұтастық кешені болып қалыптасыпты. Кесене тұрғызу туралы ұсыныс беріп, оның тұжырымдамасын жасап, барлық істің басы-қасында жүрген қазақтың дара ұлы Сабыр Адайға алғысымыз шексіз. Орындалған іске бек ризамыз!» дегенін айтпай кету арға сын!
Демек, «Әр қазақ менің – жалғызым» деп толғанған ақын Сабыр Адайдың «Адай Ата — Отпан тауға» сіңірген еңбегі орасан. Осы құрылыстың жандануына, кем-кетігінің толығуы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, денсаулығының сыр бергеніне қарамай тынымсыз әрекет етуі – табандылығы мен ұлтжандылығының бір айғағы! Өлгенді тірілтіп, өшкенді жаңғыртуға күш салған мұндай азаматтарға қанша мадақ айтсақ та жарасымды! Игілікті іске мұрындық болған өзге де ел азаматтарына айтар алғысым шексіз!
Бүгінгі Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың Маңғыстау облысында әкім болып тұрғанда халықпен жиі кездесіп, ынтымақ пен бірлікке шақыруы, Отпантау кесенесінің бітуіне абыз жазушы Әбіш Кекілбаев екеуінің атсалысуы да ерлікке пара — пар іс. «Болар елдің баласы, бірін бірі батыр дейді» деген осы!
Бүгінгі Үкімет басшысы Асқар Маминнің орынбасары Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысында әкім болғанда Отпантауға жиі-жиі барып, халықтың бірлігі мен тірлігінің арқасында игілікті істің жүзеге асуына себепкер болды. Бүгінгі таңда рухани жаңғыру бастамасы бар облыста қарқынды жүріп жатыр. Әйтсе де көрісу секілді ұмытыла бастаған дәстүрді тек Маңғыстау өңірі ғана жаңғыртып келеді.
Батыс аймақта, соның ішінде Маңғыстау өңірінде көрісу дәстүрі «Амал мерекесі» деп те айтылады. Оның көрісуден айырмашылығы жоқ, тек атауында ғана. Мұның сыры «Қыстан аман өттік, бір амалын жасадық, бір ісіміз бітті» дегенді білдіреді. Көрісу сондай-ақ Батыс Қазақстанмен көршілес Ресейдің Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарының қазақтар көп шоғырланған жерлерінде аталып өтіледі деп естідім.
Көрісу күні жасы кішілер үлкендерге арнайы барып, сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырып, көріседі. Ақсақалдар «Бір жасың құтты болсын!» деп, жастарға баталарын береді. Үй иелері келгендерге дәм ұсынып, ақ тілектерін жаудырады.
Осы бір көрісу күні Наурыз мейрамының да көркін ашатын, ізгілікке шақыратын, жастарды жақсылыққа бастайтын игі бастама деп білемін. Бұл дәстүрдің барша қазақ даласында жаңғыра түсетініне өз басым кәміл сенемін.

Ақордадан соққан самал

Жуырда Қазақстанның мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізілмек деген ақпаратты оқып дән риза болдым. Бұл өзі еңсесі түсе бастаған халықтың рухын бір көтеріп тастаған байлам болғалы тұр. Өйткені ұлттық құндылықтар жойылып бара жатыр деп байбалам салуға дайын адамдарға бұл бір тосын сый болғаны рас.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: «3-1. «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз», – делінген үкімет қаулысының жобасында. Түсіндірме жазбада айтылғандай, бұл жоба премьер-министр Асқар Маминнің 2019 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес әзірленген.
«Жобаны қабылдау қазақ халқының үздік дәстүрлерінің сақталуына, адамдарда мейірімділікті, қайырымдылық пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал етеді», – деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова түсіндірме жазбасында. Бұл халық күткен игі бастаманың бірі еді. Ұлттық рухты көтеретін, халықтың ынтымағын арттыратын осындай жақсы істердің Ақорда жақтан «жыл құсындай» жылт етіп көрінуінің өзі неге тұрады!
Біздің бала кезімізде ата-әжелеріміз амал мерекесін шат-шадыман қарсы алып, көрісіп жататын. Барын бөлісіп, өзара келісіп іс қылатын. Татулықты ту ететін, осылайша өкпе-реніштер жуылып кететін. Ол бір қиын кезең еді ғой. Соның өзінде бабалар дәстүрі үзіліп қалмады. Қайсар да, салт-дәстүрге берік ұрпағының арқасында бүгінге жетті. Тәуелсіздік тұғырына мініп, елдігіміз әлемге танылған шақта «Көрісу» (Амал) дәстүрінің атаулы күндердің қатарынан орын тебуі – жарқын болашаққа деген іңкәрлік белгісі!
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – айтулы мерекелердің бірі, көне мейрам. Мұсылмандық Шығыс халықтарының Жаңа жыл мейрамы, көктемді қарсы алу мерекесі, өткен тарихындағы маңызы зор ұлы оқиғаларды атап өту тойы. Қысқасы, Наурыз мұсылмандық Шығыс халықтары, оның ішінде түркі халықтарының шаруашылық, әлеуметтік қажеттіліктерінің туындысы болып табылады. Жыл басы, Жаңарудың басы – Наурыз мерекесінің ұзақ уақыт тойланбауы халқымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, Наурызбен байланысты тілектеріне, ой-армандарына, қалыптасқан жоралғыларына нұқсан келтірді. Заман мен уақыт, ұрпақтар арасындағы сабақтастық байланыстар, әдет-ғұрып, салтымыз да үзіліп қалды. Наурызды қалай тойлау керектігі туралы білетін адамдар да азайды. 80 жылдардың аяғында келген жаңа лептің, сілкіністің, серпілістің арқасында Наурызды қайта тойлау мүмкіндігі туындады. Алғашында «Көш – жүре түзеледі» деп ақ қар, көк мұздың үстіне көптеген киіз үйлер тігілді. Тіпті, әр ауданнан келетін киіз үйлердің саны белгіленіп, оған аудан басшылары жауап берді. Негізгі көңіл кімнің үйі әдемі, кімнің үйі жақсы безендірілген, кімнің әзірлеген Наурыз көжесі дәмді сияқты мәселелерге бөлініп, ол үшін арнайы комиссиялар шығарылды. Сөйтіп, киіз үйлер, театрландырылған көріністер комиссия үшін жасалып (кей жерлерде әкімшілік адамдары ғана кіретін музейлік экспонат сияқты) қысқаша айтқанда, рәуіштік көріністерге айналдырдық. Бұны мен сол комиссияның мүшесі ретінде қатысқан адам болғасын айтып отырмын. Өткен өтті, оған өкпе-реніш айту орынсыз. Енді ширек ғасыр уақыт өткенде кеткен кемшіліктерден сабақ алып, Наурыз мейрамын ұлттық мереке деңгейіне көтеруге тиіспіз. Жалғандықтан арылып, жаңашылдыққа жол салуға талпыну арлы адамның ісі болмақ! Ол үшін әр қазақ баласы Наурыз мерекесінің қадірі мен қасиетіне тереңірек бойлап, ұлттық рухын қамшылап, ар алдында тазалануға бар күшті салса құба-құп.
Әйтпесе бәрі бекер. Тарихшы Жұлдыз Оспанова көрісу (амал) дәстүрінің мәні қандай екенін, оның қалай және қашан шыққанын былайша түсіндіреді: көрісу күні жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді. Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған» дейді. Сондай-ақ, тарихшы бұл мерекенің неліктен 14 наурызда атап өтілетініне де тоқталады: «Шығыс елдерінің кезіндегі күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. «Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр», – дейді Ж.Оспанова ханым.
Маңғыстауға жолым түсіп, еліміздің батысында тойланып келген Амал мерекесі алғаш рет халықаралық деңгейде аталып өткенін көзім көрді. Маңғыстаудың ең биік жері Отпантаудың басына еліміздің барлық аймағымен қатар Ресей, Өзбекстан, Түркия, Ноғай мен Қырғыз елінен мыңдаған адам жиналды. Амал мерекесін тойлау үшін Ақтаудан Отпантауға 300 атты керуен көші аттанды. Құрамында өлкенің құрметті азаматтары, спортшылар, белсенді жастар мен өнерпаздар бар. Олар 140 шақырым жерді жүріп өтті. Отпантауға бағыт алған керуен көшінің өн бойынан Елбасы мақаласына арқау болған «Ұлы даланың жеті қырын» көруге болады. Атқа міну мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталып, «Қыз Жібек жыры» жырланды. Бұл көште Қабанбай, Бөгенбай батырлар бастаған ұлы тұлғаларымыз да бар. Аталмыш мерекені тойлау үшін Отпантау басына мыңдаған адам жиналды. Жаугершілік заманда бабаларымыз мұнда ерлік үшін ұран отын жақса, бүгінгі ұрпақ бар қазақтың басын қосатын бірлік отын жақты. Тарихи рәсімге шет мемлекеттерден келген қонақтар да қатысты.
Қарашай-Шеркеш Республикасының халық артисі Арсланбек Сұлтанбековтың сондағы мына сөзі жадымда жаңғырып тұр: «Амал мерекесінің сақталуы өте жақсы мәдениет. Әлемдегі түркі халықтары бүгін бір-бірін құттықтап, бір-бірімен табысып, бір-бірімен көрісіп жатыр. Қазақтың дәстүрін, ұлттық киімдерін көріп, бір сүйсініп қалдым. Қазақ елі жасай берсін, көп жетістіктер тілеймін! Амал – ескі жылдан жаңа жылға аман жеткен қуаныштың, ағайынның арасына сыйластықты дарытатын ынтымақ пен бірліктің, татулықтың мерекесі. Оның тәрбиелік мәні зор. Бұл күні жасы-кіші, үлкен демей, танысын-танымасын қол алысып, төс қағыстырып, көріседі. Бір-біріне ақ тілектерін айтып, өкпе-реніш болса кешірім сұрасады. Осылайша күннің ғана емес, адамзаттың көңілінің жыли түскенін сезінесің» деп еді ол тебіреніп.
Сол жолы Отпантау етегіне 40 шақты киіз үй тігіліп, жыршылар кеші ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өткізілді. Аударыспақ, бәйге, қой көтеру мен түйе балуан сияқты ұлттық ойындар той көрігін қыздыра түсті. Шат-шадыман халық, телегей теңіздей толқыған көңіл, мәз-мейрам бала-шаға, аңқылдаған қалың жұртты көріп амал мерекесінің қадірі мен қасиетіне қаныға түскен едім.
Енді міне, Үкіметтің арнайы қаулысының жобасымен танысып, «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз» болып бекитініне еш күмәнім қалмады.

Амал мерекесі Отпантаудан бастау алса

Түйін сөз! Мақала соңында Еланасы ретінде ҚР Президенті Қ.К Тоқаев мырзаға үлкен өтініш айтпақпын! Елі үшін туған ерлердің миссиясы – қай заманда да оңай болмаған. Олардың ұлтының салты мен дәстүріне, тілі мен дініне құрметі, жалпы қаймана жұртына көрсеткен парасат — пайымы болмақ! Олардың әр қадамы ел назарында. Ендеше амал мерекесі – қайта айналып қазығын тапқан ұлттық мерейдің жаршысы! Оны қолдау – Өзіңіз секілді ерге сын! Отпан тау – бабалар шежіресінің баянымен тіндес, халықтық қағиданың арқауымен қарашаңырақ сарайы салынған мекен. Сан мыңдаған адамдардың ақ бата, дұғасына куә болып тұрған орын. (Республикалық дәрежедегі ерекше қорғауға алынған жер, тарихтың хаттамасы). Амал мерекесі – жыл басы, көрісу, кеңшілікпен адамдар арасындағы кешірімнің, бауырластық пен түсіністіктің, ортақ мүдденің керулі керегесі, ашылған құшағы, жайылған дастарқаны.Ұлттық мәдениет пен сананың, рухани тәлім- тәрбиенің мектебі.
Амал мерекесінің қайта жандануына негізгі тұғыр болған киелі мекен – Маңғыстау! Аймақ халқының уыз-тілек, сүттей ниеті, табан ет, маңдай тері. Соңғы жылдардағы бұқара халықтың үндестік пен үйлесімге деген үздіксіз талпынысы. Күллі қазақ халқы тілектес болды. Егер Амал мерекесі бекітілетін болса (халық қуанышты) атаулы мерекенің, салтанаттың алғашқы тұсаукесерін Отпан тауда жасаған дұрыс деп есептейміз. Жөні мен реті солай. Өзіңіз нөкерлеріңізбен келіп, шымылдығын ашып, ресми түрде халыққа хабарлауды ұйғарып отыр деп ойлаймыз. Ақсақалдардың қолын алыңыз, елдің ішкі тұтастыққа деген еңбегін елеңіз. Әр аймақтың ақсақалдарын ала келіңіз. Адай Ата кесенесі ашылғанда Н.Ә.Назарбаев құттықтап, зиялы қауым пікірін айтқан.
Талмай қызмет жасаған Маңғыстау халқына, сол арқылы тілектес болған барша қазақ халқына, ұлттық мерекеге, бір сәт, орнымен құрмет көрсетеді деп сенеміз. Сіздің дәреже-деңгейіңізге, жауапкешілігіңізге тиісті шара. Әрбір бұқаралық игі талап пен тілектің құнын бағалап, ілтипат көрсету, оны үрдіске балап, үлгі ету – ұлт басшысы тарапынан мәдениетті, аса мәнді қадам екенін түсінесіз. Халық – ұлттық кемелдікке бастайтын кісіліктің, кішіпейілдіктің, перзенттік парыздың бәріне қуанышты болмақ. Бұл- ұлттық төл мерекеміз болады. Маңғыстау – Амалдың ақ бесігі! Не дейсіз, құрметті Қ.К.Тоқаев мырза?! Оң тілекке, орнықты жауап күтеміз. Келіңіз! Көріңіз!

Сәуле Мешітбайқызы