КӨРІСУДЕ — КЕРІСПЕЙІК, КЕЛІСЕЙІК!
Әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар мен қоғамдағы Коронавирус салдарынан туындап жатқан мәселелер қазақ елін, қазақ билігін тығырыққа тірейді дегенге Еланасы ретінде сенбеймін. Өйткені рухы өр, намысы зор, қайраты асқақ ұлттың алдында бөгесін болмақ емес. Сондықтан ұлыстың ұлы наурызбен, көрісу мерекесімен баршаңызды Елана сайты атынан құттықтаймын!
Иә, ел болашағы үшін қазір денсаулық маңыздырақ. Ынтымақ — зор ырыс! Татулық- бірлік бастауы! Ел басқарып отырған азаматтар халқының тағдырына алаңдап жүргені қуантады. Әлмисақтан мұсылман қазақ, Алла Тағаланың «Сақтансаң ғана сақтаймын » деген ескертпесін жадына ттұтқан. Сол үшін жасалып жатқан сақтық шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз ағайынды. Бүгін Алтай мен Атырауға дейінгі созылып шатқан ұлан байтақ қазақ даласында көрісу – дәстүрі жаңғырып тұр. Қазақтың қуанышын бөліскісі келгендей Алтын күнде жадырап шуағын шашу етіп шашуда. Жер анада маңдайы жіпсіп, «көктем баласын» құшағына басып тебіреніп жатқандай бейне Көрісу — жас ұрпақты үлкенді сыйлауға, ауызбіршілікке, ізгілік пен мейірімділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше мереке. Өкінішке орай, көктем келісімен ел болып күтетін мерекелерімізді тойлау орнына қатерлі індетпен күрес жүргізіп жатырмыз. Дағдарыста жағадан алып тұр бұдан да өтеміз айналайындар. Сынақты сылтау етіп, сынып қалмасақ екен…!
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген жақсы сөзі бар. Иә, тек елдің ауызбіршілігі мен қатаң тәртіптің арқасында ғана аурудың таралуына тойтарыс бере аламыз. Әлбетте, мейрам әрі демалыс күні болғандықтан көпшілік үлкендерге көрісуге асығатыны анық. Бірақ, COVID-19 індеті ересектерге, соның ішінде егде жастағы адамдарға тез жұғатыны туралы мамандар хабарлап жатыр.
БҰДАНДА САЯСИ АСТАР ІЗДЕП ХАЛЫҚТЫ ШАТАСТЫРМАҢДАР. АРАНДАТПАҢДАР, АРАНТАТУДАН САҚ БОЛЫҢДАР АЙНАЛАЙЫНДАР !. ӘЛЕМГЕ КЕЛГЕН ІНДЕТ БҰЛ АПАТ..! БИЛІК БАРЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ЖАСАП ЖАТЫР АЯНЫП ЖАТҚАН ЖОҚ, БЕРЕКЕМІЗДІ АЛМАЙЫҚ!
Ескертпелерге құлақ асып, тума-туыстарды көрісу мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Елімізді, ел үшін туған ерлерімізді, ардақты әке-шешелерімізді және қадірлі ата-әжелерімізді қауіпті дерттен сақтай көр, Жаратқан Ие?!. Қазақ халқы — ырымшыл халық. Наурыз мерекесінің бастауы болып саналатын Көрісу мейрамы елімізге тек бақыт әкелсін! Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған Көрісу күні баршаңызға ең бірінші мықты денсаулық әкелсін!. Күн мен түн теңеліп, көктем нұрын шашқан ұлы күннің шапағаты әр шаңыраққа құт болып қонсын! Толып отырған бір жастарыңызбен!
«ЕлАна» әлеуметтік қоғамдық сайты