ҚОРҚЫНЫШСЫЗ ӨМІР СҮР…..

Ақын бауырым Куанышбектің көбелек туралы өлеңіндегі мына бір 2 жол ойыма жатталып қалыпты:
«Болса да ғұмыры оның үш-ақ күндік
Қажытады екен ғой ұсақ тірлік…»
Иә, көбелек демекші…
Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты.
Бірталай уақыт өтіп, көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ. Көбелек қолдан келгенінше барынша тырысқандай және бұдан былай ештеңеге шамасы келмей қалғандай болып көрінді.
Осыны бақылап тұрған адам көбелекке жәрдемдескісі келіп, қолына бәкі алып пілләні кесіп, кішкене тесікті кеңейтті. Көбелек бірден сыртқа шықты.Бірақ оның денесі әлсіз, қуаты жоқ, қанаттары қатаймаған, өзі де зорға жылжитын еді.
Адам көбелектің қимылын бақылап тұрып: сәлден соң-ақ көбелектің қанаты қатайып, ұшып кетер деп ойлады.
Бірақ олай болмады. Көбелек өзінің әлсіз денесін жер бауырлап сүйретіп жүріп, қанаты жетілмеген күйде қалған өмірін өткізді. Ол сол бойы ұша алмады.
Олай болуының себебі: адам көбелекке жәрдем бергісі келіп, көбелек өзі кеңейтіп, ішінен ұшып шығуға тиіс кішкене тесікті кеңейтті, көбелектің денесіндегі сұйықтар оның қанатын қатайтуға жұмсалатын еді, олай болмай қалды.
Солай болғанда ғана көбелек ұшып кететін еді.
Жаратылыс солай: көбелек кішкене тесікті кеңейтіп, ұшып шығуға күш салу арқылы әбден шыңдалған, еркін өмірге әзір қалпында шығатын еді.
Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар. Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі болмаса біз көп нәрседен құр қалар едік, біз қазіргідей күшті бола алмас едік.
Біз кедергісіз ешуақытта қазіргідей күшті бола алмас едік. Біз ешуақытта биікке самғай алмас едік.
Түйін: Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерді батылдықпен күтіп ал және оларды жеңе алатыныңды дәлелде.

Амантай Тойшыбайұлы.