Қорқыттың сазы Таразда қалықтады
Жақында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы әріптестік екі күндік сапармен Қызылорда облысына барып қайтқан болатын. Ол сапардың тараздықтар үшін жемісі өте мол болды.
Қызылордалықтар «Ақкербез» бишілер ансамблінің биіне тамсанса, Оңал Азаматова, Ғани Мәтебаев, Маралбек Бабақұловтың әндерін үлкен ықыласпен тыңдады. Жамбылдықтардың сыр елінен түйгені көп. Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына орай Таразға Қызылорда облыстық филармониясы келді. Аталған филармония құрамындағы « Қорқыт сазы» ансамблі Мәдениет саласының үздігі Салтанат Пұсырманова бастап келіп отыр. Қонақтардың сапында белгілі қобызшы Әлқуат Қазақбаев бар. Қызылордалықтар да екі күндік бағдарламамен келіп отыр. Әлқуат Қазақбаев «Қойлыбайдың қобызы» күйін орындаса, «Қорқыт сазы» ансамблі Қорқыттың «Қоңыр», «Ықылас», «Кертолғау», Ықыластың «Жа лғыз аққу », «Ерден» күйлерін шеберлікпен орындады.
Қызылордалықтардың өнері әулиеата лық көрерменнің көңілінен шығатыны анық .
Есет ДОСАЛЫ, Ақ жол газеті