КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҢА ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ

Ағымдағы жылдың 6 сәуірі күні Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның бес оқиғасы анықталды.

🔺Ауырғандардың бірі 1999 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып табылады. Азаматша 3 сәуірде Дели-Тараз рейсімен келген.

🔺Аталған рейстің барлық жолаушылары ұшу жолағынан бірден арнайы автобустарға отырғызылып, медициналық және полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруімен карантиндік стационарға жатқызылды. Медициналық мекемеде олардан 14 күн бойы қайталанған талдаулар алынады.

🔺Сондай-ақ, Тараз қаласының 59 жастағы тұрғынынан инфекцияға алынған талдау оң нәтиже көрсетті. Ол бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған. Онымен қарым-қатынаста болған 24 адам анықталып, карантинге жатқызылды.

🔺Үшінші науқас облыс орталығының 86 жастағы тұрғыны болып табылады. Эпидемиологиялық тексеру барысында оның 17 наурыз күні Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны белгілі болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған 5 тұлға анықталып, карантинге орналастырылды.

🔺Сондай-ақ, Меркі ауданының 1990 және 1998 жылы туған екі тұрғынының талдау қорытындалары оң нәтиже көрсеткен. Олармен байланыста болған 17 тұлға карантиндік стационарға орналастырылып, оқшауланды.

🔺Бүгінде байланыста болған адамдарды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу шараларын жүргізді.

🔺Қазіргі таңда жалпы облыс бойынша коронавирустың 40 жағдайы тіркелген.Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Дели рейсінен анықталған. Таразда 5 оқиға, Қордай ауданында – 14, Меркі ауданында – 2, Шу және Жамбыл ауданында бір-бірден тіркелген.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі