«Көрпе FEST-2022»: қазақ әйелінің «қырық шырақты болмысы» өнер тілінде сөйледі (Фоторепортаж:)
Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Бақытты отбасы» орталығының қолдауымен «Көрпе FEST-2022» мегафестивалінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиынға Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері, «Құрмет белгісі» орденінің кавалері, «Алтын орда» автор¬лық дизайн үйінің негізін қалау¬шы этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада және 100 жуық қолөнер шеберлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған көрмеге этно-дизайнер Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сыныбынан оқып-үйренген қолөнер шеберлерінің ұлттық нақышта жасаған бұйымдары қойылды
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ