Қос облыс жәрмеңке көрігін қыздырды
Өткен жұма күні Астана қаласында «Қуатты өңір — қуатты Қазақстан» атты облыс күндері аясында «Хан шатыр» СОО жанындағы алаңда Батыс Қазақстан және Атырау облысының азық-түлік жәрмеңкесі болып өтті. Бұлар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтіп жатқан шаралар.
Батыс Қазақстан облысының «Нұржанар», «Родник», «Имановский полуфа брикаты» сияқты жауапкершілігі шектеулі серік тестіктер өнімдері астаналық тұтынушыларға қолжетімді бағада ұсынылды. Облыстағы 12 ауданның шаруашылықтары елордалықтарға көкөніс түрлерін, ет пен сүт өнімдерін ұсынып қоймай, ұн мен макарон өнімдеріне де қарық қылды. Облыста осы бағытта жұмыс істейтін «Белес Агро» АҚ-ның өнімдері тек қазақстандықтарға ғана емес, алыс-жақын ше телдерге де танымал. Астана тұрғындары жәрмеңкеге әдеттегідей мол жиналды. Өйткені мұнда баға нарықтағы бағадан көп арзан. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков:
«Жәрмеңкеге Батыс Қазақстандағы 12 аудан нан ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Ең алдымен мал шаруашылығымен айналы сатын өңір болғандықтан, 20 тоннаға жуық жылқы және сиыр еті сөрелерге қойылып, са тылуда. Бірден айта кетейік, өнімдер бағасы елорда базарларындағыдан төмен. Мыса лы, сиыр етінің әр келісі 1450 теңге болса, батысқазақстандықтар мұны 1100 теңгеден сатуда. Сондықтан бұл астаналықтар үшін қолайлы болып тұр. Ет пен сүт, сүзбе, қымыз бен шұбатқа қоса 530 тоннадай картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қырыққабат, сондай-ақ шұжық, ұн мен макарон, қалбыр, бал, квас, шырын, сусын дар сатылуда. Мұның бәрі елордалықтардың көңілінен шығуда», — дейді.
Атырау облысы ең бірінші кезекте астаналықтарды балық өнімдерімен баурап алды. «Каспий-балық» өндірістік кешені алып келген түрлі балықтарды астаналықтар шұбатылған кезекке тұрып сатып алып жат ты. Атыраулықтар сиыр, жылқы, қой етін 1000-1100 теңгеден ұсынған болатын. Сиыр еті мың теңгеден сатылғанымен, жылқы еті 1300 теңгеден саудаланды. Дегенмен, бұл баға бәрібір Астана базарларындағы бағадан орташа есеппен алғанда 10-15 пайызға арзан. Екіншіден, қалай дегенмен жайлауда еркін жай ылып өскен малдың еті. Еттің сапасын бір-екі қарағаннан жақсы шамалайтын ағайындар сауда көрігін қыздырып, сол бойда талап әкетіп жатты. Жәрмеңкенің қызығы сенбінің кешіне дейін жалғасты.
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК